ДӘРІС ЖОСПАРЫ: 1. «Отбасы», «неке» ұғымдары, әлеуметтік институт ретіндегі олардың мәні, отбасының атқаратын қызметтері. Некенің мотивтері және ажырасудың себептері. 2. Отбасы мен некенің типтері. Отбасының өмірлік циклдары. 3. «Гендер» ұғымының анықтамасы, гендерлік теңсіздік
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1.Жаназарова З.Ж. Социология семьи: Учеб.метод. пос.для студ. Алматы: Қазақ унив., 2001. 2.Тәтімов М.Б. Дербестігіміз – демографияда. Алматы, 1999. 3.Антонов А.И. Микросоциология семьи. М, 1998. 4.Гаспарян Ю.А. Семья на пороге ХХІ века. Социологические проблемы. СПб., 1999. 5. Введение в теорию гендера: учеб.пособие. Вып І. Алматы, 1999
Отбасы – бұл белгілі бір әлеуметтік нормалар, мінез-құлық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт.
ОТБАСЫ – НЕКЕГЕ НЕМЕСЕ ҚАНЫ БІР ТУЫСҚАНДЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН, АЛ ОНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ТҰРМЫСТЫҢ ОРТАҚТЫҒЫМЕН, ӨЗАРА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ЖӘНЕ ӨЗАРА КӨМЕК КӨРСЕТУМЕН БАЙЛАНЫСҚАН ШАҒЫН ТОП.
Отбасы қоғамның басты негізі
НЕКЕ – ҚАРАМА-ҚАРСЫ ЖЫНЫС ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ИНТИМДІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗАҢДАСТЫРАТЫН ЖӘНЕ СОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ОЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ӨМІРІН ЗАҢДАСТЫРАТЫН, ЕРЛІ- ЗАЙЫПТЫЛАРҒА МІНДЕТКЕРЛІК ЖҮКТЕЙТІН ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТ.
отбасын құру мақсатын көздеген
ер мен әйелдің ерікті және тең одағы.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті» - деп көрсетілген