ҚОҒамдық Ұдайы өндірістегі қаржының МӘНІ, функциялары және рөлі құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, қажеттігі және мәні



Дата02.02.2022
өлшемі318,5 Kb.
#117077
Байланысты:
№1 лекция

ҚОҒАМДЫҚ ҰДАЙЫ ӨНДІРІСТЕГІ ҚАРЖЫНЫҢ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ РӨЛІ

Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, қажеттігі және мәні

  • «Қаржы» ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды
  • «қаржы» терминін 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысында француз ғалымы Ж. Боден пайдаланған.
  • Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының табыстары туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
  • Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған

Экономикадағы құнның басты компоненттерін сипаттайтын оның осы негізгі элементтері бойынша қадағалап отыруға болады:

  • Экономикадағы құнның басты компоненттерін сипаттайтын оның осы негізгі элементтері бойынша қадағалап отыруға болады:
  • Р = С + V + m
  • мұндағы: Р – жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім; С – өндірістің
  • материалдық шығындары; V – қажетті өнімнің құны; m – қосымша өнімнің құны.
  • Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар-ақшалай қатынастардың болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды

Қаржының айрықшалықты белгілері

  • 1. Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі
  • 2. Қаржы бөлгіштік сипатқа ие
  • 3. Қаржыны нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақшалай қорлардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады.

4. Нақтылы жұмсауға арналған ақшалай-қаржылық қорлар қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Қаржылық қорлар директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты негізде қалыптасады және пайдаланылады

  • 4. Нақтылы жұмсауға арналған ақшалай-қаржылық қорлар қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Қаржылық қорлар директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты негізде қалыптасады және пайдаланылады

5.Ақшалай қорлардың бүкіл ақшалай қаражаттардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады.

  • 5.Ақшалай қорлардың бүкіл ақшалай қаражаттардан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақшалай нысандағы құнның біржақты қозғалысының негізінде жасалады.

Қаржы дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен олардың сан алуан мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісін де пайда болатын экономикалық қатынастар

  • Қаржы дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен олардың сан алуан мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін ұдайы өндіріс үдерісін де пайда болатын экономикалық қатынастар

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.

  • Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр.
  • Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында – ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу үдерісінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.

Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс бөлінеді.

  • Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс бөлінеді.
  • Бақылау функциясы арқылы қаржы қорларының мақсатты пайдалануы қамтамасыз етіледі.

Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржыны ұдайы өндіріс стадияларының бір категориясы емес, оның жалпы категориясы ретінде қарастырады, яғни олар қаржыны тек қоғамдық өнім құнын бөлумен байланысты болатын өндірістік қатынастарымен шектеу дұрыс емес деп санайды

  • Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржыны ұдайы өндіріс стадияларының бір категориясы емес, оның жалпы категориясы ретінде қарастырады, яғни олар қаржыны тек қоғамдық өнім құнын бөлумен байланысты болатын өндірістік қатынастарымен шектеу дұрыс емес деп санайды

Ұдайыөндірістік тұжырымдамаға сәйкес қаржы мына функцияларды орындайды:

  • Ұдайыөндірістік тұжырымдамаға сәйкес қаржы мына функцияларды орындайды:
  • 1) ақшалай қорларды жасау;
  • 2)ақшалай қорларды пайдалану
  • 3) бақылау функциясы.

Құндық экономикалық категориялардың өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы

  • 1. Ақша және қаржы
  • 2. Баға және қаржы
  • 3. Қаржы және еңбекке ақы төлеу
  • 4. Қаржы және кредит


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет