Оѕтїстік америка


Қарастыратын сұрақтар мен тапсырмалар



бет27/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11

Қарастыратын сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Африка материгінің басты суайрықтары

  2. Жылдық ағыны мен су шығындарына талдау жасаңдар. 3.Материктің ірі өзендері олардың пайда болу жолдары. 4.Материктің көлдері олардың пайда болу жолдары.



Негізгі әдебиеттер:


  1. Рябчиков А.В. Физическая география материков и океанов. М. 1989

  2. Алпатьев А.М. и.др. Физическая география материков и океанов. М; 1973, 3. Гвоздецский Н.А., Михайлов Н.И., Физическая география. М., Высшая школа. 1987.

  1. Давыдова М.И., и др. Физическая география СССР. М., Просвещение. Т.1.1989; Т.2.1990.

  2. Исаченко А.Г. География совеменного мире. М; Просвещение. Т.1. 1998;

Қосымша әдебиеттер:


  1. Мусабаева М.Н Материктер мен мқхиттардың физикалық географиясы. – «Еуразия ұлттық университеті» баспасы.2013ж -30б/т.

  2. Мясков Н.М. Климат СССР. М; Высшая школа, 1983

  3. Смирнова М.Н. Основы геологии СССР. Высшая школа, 1984.

  4. Моисеев Н. Н. Человек и ноосфера. М.: Молодая гвардия, 1990.



Лекция-10-11


Тақырыбы: Австралия физикалық-географиялық орны

Жоспары:


    1. Материктің физикалық-географиялық орны. 2.Табиғаты қалыптасуының негізгі кезеңдері. 3.Тектоникалық құрылымы мен жер бедері.

Сабақтың мақсаты: Материктің физикалық-географиялық орны мен табиғаты қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау.Тектоникалық құрылымы мен жер бедерінің басты ерекшеліктерін анықтау.
Австралия - Жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латынның australis - оңтүстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп етеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте - Йорк мүйісі (10°41' о.е.), оңтүстікте - Оңтүстік-Шығыс мүйіс (39° 11' о.е.), батыста - Стип- Пойнт мүйісі (113°05' ш.б.), шығыста - Байрон мүйісі (153°34' ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200 км-ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі – 7млн. 687,0 мың км2., ал мұхиттармен бірге-8млн.504,0мың.км2



Аралдың аттары

Ауданы (км.кв)

1.

Жаңа Гвинея

829 300

2.

Жаңа зеландия

265 300

3.

Тасмания

67 000

4.

Соломонов аралы

40 000

5.

Жаңа Британия

36 000

6.

Фиджи аралдары

18 272

7.

Жаңа Каледония

16 750

8.

Гавай аралдары

16 706

9.

Жаңа Гебрид аралдары

14 763

Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут-Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте - материктік қайраңның шегінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал - Дерк-Хартог, шығыста - Фрейзер.


Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай-ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.
Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды.
Мұхиттық аралдардың жалпы көлемі шамамен 1,3 млн. км2. Әдетте, Мұхиттық аралдарды бірнеше бөлікке бөледі. Австралияға ең таяу жатқан Жаңа Зеландиядан басқа, батыстағы ең ірі аралды Меланезия деп атайды. Меланезияға Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Жаңа Каледония т. б. кіреді. Ең оңтүстікте жатқан Жаңа Зеландия ерекше көзге түседі. Меланезиядан солтүстіктегі және 177° ш. б. батысқа таман жатқан ұсақ аралдарды (Мариан, Каролин, Маршалл т.б.) Микронезия деп атайды. Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлігінде 177° ш.б. шығысқа қарай жатқан қалған барлық аралдар Полинезияға жатқызылады. Олар Гавай, Лайн, Қоғам аралдары т. б. Бұл тарихи және этнографиялық жағынан осылай бөлінген, бірақ ол Мұхиттық аралдарды генетикалық

және физикалық-географиялық белгілеріне қарай бөлуге сәйкес келмейді.


Австралияға солтүстігінен эпиконтиненттік Тимор және Арафур теңіздері, сонымен бірге Карпентария шығанағы ұласып жатыр. Тайыз сулы өңір материктің Үнді мұхитымен ұласып жатқан батыс және оңтүстік жағалауларын бойлап созылып кетеді. Шығысынан Австралияны жер қыртысы мұхиттық немесе өтпелі типтегі терең қазан шұңқырлар болып табылатын (5000 м-ден аса) маржанды Тасман теңіздерімен ұласады.
Үстінде материктік және маржан аралдары бар су асты қыраттары мен жоталарын бөлетін Фиджи, Жаңа Каледония т.б. қазан шұңқырлардың тереңдігі кем түспейді. Сырт жағынан, ішінара теңіздер жағынан да аралдар доғасын бойлап ең тереңдігі 9, тіпті 10 мың м-ден асатын науалар (Меланезия, Витязь, Тонга, Керма-дек т. б.) созылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет