Оѕтїстік америка


Дәріс 14 Тақырыбы: Австралияның ішкі сулары. Жоспары



бет31/31
Дата01.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#160780
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
05 (8)
практика 11

Дәріс 14


Тақырыбы: Австралияның ішкі сулары.

Жоспары:


1.Австралиядағы ағыс ерекшеліктері,ағыс көлемі,ағыс қабаттары. 2.Мұхит алабы мен басты су айрықтары.
3.Австралияның басты өзен жүйелері мен көлдері.

Австралиядағы және оған жақын аралдардағы ағыс ерекшеліктерін төмендегідей цифрлар жақсы көрсетеді: Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия өзендерінің ағыс көлемі 1600 км3-ге тең, ағыс қабаты 184 мм, яғни Африкадағыдан сәл көп. Австралияның жеке ағыны келемі не бары 350 км3, ағын қалыңдығы не бары 46 мм кұрайды, яғни баска материктердің барлығына қарағанда бірнеше есе аз. Бұл материктің үлкен бөлігіндегі жауын-шашынның аз түсетіндігіне және оның алабында биік таулар мен мұздықтың жоқтығына байланысты.


Ішкі ағын аймағына Австралияның беткі бөлігінің 60%"гИ жатады. Шамамен территорияньщ 10%-і Тынық мүхитқа, қалғанЯ бөліғі Үнді мүхиты бассейніне тиісті. Материктің басты суайрығы - Үлкен Суайрық жотасы, оның баурайларынан неғұрлым ірі және суы мол өзендер ағып жатады. Бүл өзендер тек жаңбыр суынан ғана толығады дерлік.
Жотаның шығыс баурайының қысқа және тік келуі себепті Маржандар теңізі мен Тасмания теңізі жақтарына қарай ағысы күшті, қысқа өзендер бұралаңдап ағады. Азды- көпті біркелкі су ала отырып, олар Австралияның ең суы мол және жазғы максимумдары айқын байқалатын өзендері болып табылады. Жоталар-ды кесіп өтіп кейбір өзендер шоңғалдар мен сарқырамалар түзейді. Ең ірі өзендердің (Фицрой, Бердекин, Хантер) ұзындықтары бірнеше жүздеғен километр. Олардың кейбіреулерінің төменгі ағысынан 100 км және одан да көп жерінде кеме жүзеді, сағалары мұхит кемелерінің жүзуіне де қолайлы.
Сондай-ақ Арафур және Тимор теңіздеріне құятын Солтүстік Австралия өзендерінің де суы мол. Олардың ішіндегі елеулісі Үлкен Суайрық жотаның солтүстігінен ағып шығатындары. Алайда Австралияның солтүстігіндегі өзендер режимі жаз бен қыста жауын-шашын түсуінде елеулі айырмашылық болатындықтан, шығыс өзендеріне карағанда әркез тұрақты бола бермейді. Олардың суы көбейіп, жазғы муссондық жаңбырлар кезінде арнасынан жиі-жиі асып кетеді. Қыс уақыттарында бүл баяу ағатын енсіз су ағыстары бас алатын кей түстарында кеуіп қалады. Солтүстіктің неғүрлым ірі өзендері - Флиндерс, Виктория мен Ордтың бірнеше ондаған км төменгі ағысы кеме жүзуге қолайлы.
Сондай-ақ түрақты су ағыстары материктің оңтүстік-батысында да бар. Бірақ олардың барлығының режимі өте түрақсыз келеді және жазғы құрғақ маусымда ағыстың жекелеген беліктерінде бірнеше таяз лайлы су қоймаларына айналады.
Австралияның шелді және шөлейт ішкі беліктерінде тұрақты су ағыстары жоқ. Бірақ онда плювиалдық дәуір жағдайында қа-лыптасқан, бүрынғы өріс алған су жүйелерінің қалдығы болып табылатын құрғақ арна тармақтары бар. Бұл құрғақ арналар суға жаңбырдан кейін өте қысқа мерзімде толығады. Мұндай дүркіндік су ағыстары Австралияда крик деген атаумен мәлім. Олар әсіресе Орталық жазықтықта, кеуіп бара жатқан ағынсыз Эйр көліне қарай бағыт алған жақта өте көп.
Налларбордың карсты жазьтғында тіпті дүркіндік су ағыстары да болмайды, алайда Үлкен Австралия шығанағына қарай ағатын жер асты су жүйесі бар.
Австралияның ірі өзен жүйесі - Мурей (Марри) - Дарлинг жүйесі. Бұл өзендер Үлкен

Суайрық жотадан ағып шығып, оңтүстік ойпатта қосылады. Муррей Дарлинғтен қысқа болуына қарамастан, бұл жүйедегі басты өзен болып саналады, өйткені Дарлингке қарағанда суы анағүрлым мол болады. Муррейдің ұзындығы 2570 км, Дарлингтің үзындығы - 2830 км, бұл өзендер бассейнінің ауданы 1072 мың км2, Дарлинг ойысынан төмен жердегі Муррейдің орташа шығыны - 270 м3с-дан темен. Муррейдің екінші ірі саласы - Маррамбиджи, оның ұзындығы 1690 км.


Муррей мен Дарлинг жүйесіне кіретін бүкіл өзендердің режимі өте-мөте әр түрлі болады. Олардың суы негізінен жауын-шашын есебінен және белгілі мөлшерде Австралия Альпілерінде жауған қар есебінен толығады. Сондықтан су шығынының ең көбі жазда Муррей мен Дарлингтің деңгейі кетеріліп, олар ойпаң жазықтықка құйып, кейде бүліншілік су басу туғызған кезде болады. Сөйтіп өзендер кесек материалдардың есепсіз көп мөлшерін алып кетіп, өзен арнасын бітеп тастайды, бұл салалардың бас өзенге құюына жиі кедергі жасайды.
Өзендер арнасы жазықтық алабында бұралаңдап ағьш көптеген тармақтар құрады. Муррей мен Маррамбиджи өзендері аралығындағы түгелдей өзен тосқындары үйілген жерлерде арналар барлық бағытта қиылысады, жазғы тасқын кезінде олар су астында қалады.
Қысқы қүрғақ кезеңдерде Муррей бассейнінің өзендері күшті таяздайды. Бас өзеннің деңгейі айтарлықтай темендейді, бірақ, әдетте бүкіл ең бойында үздіксіз су ағыстары сақталады. Тек ең күшті қуаңшылық жылдары Муррейдің жоғарғы ағысының жекелеген учаскелері толығымен кеуіп қалады.
Муррей-Дарлинг өзендері жүйесінің шаруашылықтық үлкен маңызы бар, өйткені олардың сулары қүнарлы, бірақ ойпаттың қуаң жерлерін суаруға пайдаланады. Осы мақсатпен ірі су қоймалары жасалған. Тұрақты режимнің жоқтығы кеме жүруді қиындатып, өзендердің аккумуляциялық әрекетін күшейте түседі. Мәселен, Муррей сағасында сынық материалдардың үйіліп қалғаны соншалық, онда теніз кемелері де мүлдем жүзе алмастай болып отыр. Өзеннің өзі Ольбери қаласына дейін кеме жүруге қолайлы. Дарлингтің төменгі ағысында шағын кемелер жүре алады. Австралияда көл көп, бірақ көп жағдайда олардың ағыны жок, және тұзды болады, ал олардың көпшілігі жаңбырдан кейін ғана сумен толығады.
Материктің ең ірі көлі - Эйр Орталық жазықта - жатыр. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 12 м темен. Көл қазан шұңқыры кең-байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының - криктердің (Купере, Дайамантин, Эйр т.б.) бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Көл таяз, күшті тұзданған, оның көлемі мен пішіні тұрақсыз болады, жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жауын кезеңінде криктер таудан өзенге көп су әкеледі, сөйтіп ол суға толығады. Неғұрлым ылғал жылдары Эйр көлінің ауданы 15 мың км2-ге жетеді. Жылдын көп уақытына созылатын құрғақ кезеңдерде судың криктерге құйылуы тоқталады, көл суы буланады және олар бір-бірімен қабыршық тұз басқан учаскелер арқылы жалғасқан, таяз су қоймаларына бөлініп кетеді. Ағынсыз түзды көлдердің үлкен тобы материктің оңтүстігінде жатыр. Бұл Торрекс, Гэрднер, Фром т.б. көлдер таяздап, кұрғақ уақытта жекелеген су қоймаларына бәлінеді және күшті жанбырдан кейін тасиды. Олардың барлығы кең сортаң алқаптармен қоршалып жатыр.
Австралия флорасының құрлықтың басқа бөліктерінен ерекшелігі соншалық, бұл материк Тасманиямен бірге Австралиялық айрықша флора патшалығына бөлінген. Мұхиттық аралдар Палеотропикалық өсімдіктер патшалығының әр түрлі аймақтарына жатады.Алайда Австралия мен Мұхиттық ірі аралдардың үлкен бөлігіне жақын болуы және қазіргі флора қалыптасуы басталған сол кезде олардың арасында

құрғақтағы байланыстың болуы, Австралия мен кейбір Мұхиттық аралдардың өсімдіктер жамылғысында көптеген ортақ элементтердің болуын туғызады.


Австралияның тропикалық флорасының қалыптасуы бор кезеңінде басталды және кайнозойдың басында Австралияның құрлықтың басқа учаскелерімен құрлық арқылы байланысы болған кезде жалғаса түсті.Мезозойдың аяғына дейін Австралия Оңтүстік Америкамен және Антарктидамен қосылып жатты, шығыстағы, солтүстіктегі аралдармен,олар арқылы Азиямен байланыс неогенде де болған еді. Мұнымен Австралияның оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен,сондай-ақ Азиядан және Мұхиттық аралдармен кейбір флоралық ортақтығы осыған байланысты.Кайнозой кезеңінін ортасынан бастап-ақ Австралия басқа материктерден оқшауланып қалған болса керек, сондықтан оның флорасының құрамында әлемнің басқа бөліктерінде кездеспейтін элементтер басым келеді. Екінші жағынан,Австралия флорасында басқа материктерде кең таралған кәптеген тұқымдастар жоқ.Сондай-ақ материктің флорасында өсіруге жарамды азықтық өсімдіктердің болмауы да қызықты, сол себепті Австралияның байырғы халқы егін шаруашылығын білмеген.
Австралия территориясының өзінде флора қалыптасуына өзара байланыссыз орталықтары болды: онын біреуі оңтүстік батыс пен орталық бөлікте, екіншісі шығыста еді. Осы орталықтардың арасында теңіз бассейні жатқан болатын, ол құрғады да,өсімдік антропогеннің басында өсті. Антропогенде Австралияны мұз басқан жоқ, оның климаты мезозойдың соңынан бері қауырт өзгеріске үшыраған жоқ. Австралия флорасы дамуының барлық осы ерекшеліктері оның негізгі белгілерінің қалыптасуына ежелгілігі мен эндемизмнің жоғары дәрежеде болуына себепші болды. Эндемик өсімдіктердей көптігіне қарай жер шарында Австралиялық өсімдіктер патшалығына тең келетін жер жоқ оның алабында өсетін өсімдік түрлерінің 75%-і эндемик өсімдіктер. Мәселен, эвкалипт туыстастардың барлық 600 түрі дерлік, қарағаштың 280 түрі, казуариннің 25-ке жуық түрі эндемик болып табылады. Араукария, протея, оңтүстік. шамшат өсімдіктері Антарктика және Кап флорасына ортақ болады.


ЕҰУ Ф 703-07-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет