Физикалық дамуы – бұл дене тәрбиесінің ықпалымен жетілетін ағзанын жеке дара өмірде даму кезеңіндегі морфологиялық және функционалдық қасиеттерінің өзгеруі және қалыптасуының дене тәрбиесінің заңды үрдісі.
Қалпына келу – бұл ағзада жұмысты тоқтатқанан кейінгі физиологиялық және биохимиялық функциялардың біртіндеп бұрынғы қалпына келу үрдісі.
Дене жаттығуы – бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу үшін оның заңдылықтарына сәйкес арнайы ұйымдастырылған қимыл әрекет.
Шаршау – бұл ұзақ уақыт бойы және қарқынды жұмыс істеу кезінде қалыптасатын және оның тиімділігін төмендететін уақытша пайда болатын функцияналды жағдай.
Гипокинезия – ағзаның ерекше күйі, қозғалыс белсенділігінің аздығынан пайда болады. Кейбір кездерде бұл жағдай гиподинамияға әкеп соғады.
Гиподинамия – қозғалыс гипокинезияның әсерімен ағзада пайда болатын
жағымсыз морфо–функционалдық өзгерістер жиынтығы. Бұл бұлшықеттердегі атрофиялық өзгерістер, жүрек-қантамырларын жүйесінің жалпы дене шынығуы, қимыл–қозғалыс тепе–тендіктің әлсіреуі, су – тұз балансының өзгеруі, қан жүйесінің және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |