Тақырыбы: Липидтердің алмасуының көрсеткіштерін зерттеудің клиникалық-диагностикалық маңызы.
Қандағы липопротеиндерді анықтаудың клиникалық-диагностикалық маңызы Гендік аномалияның әсерінен пайда болған гиперлипопротеинемияны (ГЛП) біріншілік, ал қант диабетімен ауырғанда, бауырдың, бүйректің патологиясы кезінде, гормональды процесстің бұзылуына байланысты байқалатын ГЛП екіншілік деп аталады.
Гиперлипопротеинемияның ІV түрі гиперинсулинемия мен тағамда көмірсулардың көп мөлшерде болуына байланысты.
Норум ауруы холестеролацилтрансферазаның жетіспеушілігінен холестерол эфирінің түзілуінің бұзылуының нәтижесінде дамиды.
Липидтердің қорытылуынан пайда болған өнімдердің сіңірілуі Глицерин, қысқа тізбекті бос май қышқылдары (10-12) көміртегі атомы бар), фосфор қышқылы жай диффузия арқылы сіңіріледі. Ұзын тізбекті бос май қышқылдары (БМҚ), моно-ацилглицерин (-МАГ), холестерин, фосфолипидтер (фл) және өт қышқылдары (ӨҚ) сулы ортада тұрақты мицеллдер түзеді, олардың көлемі эмульгирленген май тамшысына қарағанда 100есе кіші болады. Мицеллдің гидрофобтық ядросы (БМҚ, -МАГ, холестериннің) өт қышқылы мен фосфолипидтердің гидрофилдік бөлігінен құралған қабықпен оралған, ал ӨҚ-ның және фосфолипидтің гидрофобтық бөлігі мицеллдің ішіне қарай бағытталған. Мицеллалар ішек эпителиялық жасушаларының ішіне қарай бағытталған. Мицеллалар ішек эпителиялық жасушаларының ішіне қарай бағытталған. Мицеллалар ішек эпителиялық жасушаларының ішіне өт қышқылдарының көмегімен жеңілдетілген диффузия арқылы тасымалданады. Осы жасушалар ішінде мицеллалар ыдырайды. Босаған өт қышқыл-дары қақпа күре тамыр арқылы бауырға онан соң өт қапшығына жеткізіледі, одан өтпен бірге қайтадан ішекке жеткізіліп, ӨҚ өзіне тән биологиялық қызметін атқарады. Тәулігіне өт қышқылдары 5-6 айналым жасайды, оны энтерогепатикалық айналым деп атайды. ӨҚ-ның азғантай мөлшері (0,5г) организмнен нәжіспен шығарылады.
Ішек қуысындағы холестериннің мөлшері тағам холестерин-нің (экзогендік) және өтпен түсетін холестериннің (эндогендік) мөлшеріне тәуелді болады. Ішектегі холестериннің шамамен
30-%-ы сіңіріледі, ал қалған бөлігі организмнен нәжіспен шығарылады