Су биологиялық маңызды қызметтер атқарады:
Тамаша полярлы еріткіш.
Биомолекулалар мен иондарды тұрақтандырушы.
Организмнің жылуылық тепе – теңдігін реттеуші.
Тасымалдаушы қызметін қамтамасыз етеді.
Жасуша ішілік қысымды сақтауға және жасушалардың пішіні мен ұлпалардың тургорын қалпында ұстауға әсерін тигізеді.
Жасушааралық матрикстің құрылыстық компонентіне жатады.
Биохимиялық реакциялардың активті құрамы болып саналады.( гидролиз, гидротация, биологиялық тотығу, фотосинтез және тағы басқалар).
Мембранааралық байланысқа судың диполь моментінің әсер етуі арқылы мембраналардың қос қабатын құруыға қатысады.
Биомолекуларды биосинтездеуге қатысады.
Минерал заттары
Ересек кісінің организмінде орта есеппен 1050г Сa, 700 г Р, 245 г К, 105 г Na, 105 г Cl, 175 г S, 35 г Mg, 5 г Fe ( макроэлементтер ) болады. Сонымен қатар бірнеше миллиграм мөлшерінде микроэлементтер болады Сu, Zn, Mn,
Co, Cr және тағы басқалары.
Минеральдық заттар биологиялық маңызды қызметтерін атқарады:
1. Жасушалар мен ұлпалардың құрылымдық компонентері болып саналады.
2. Иондық құрылымды, осмостық қысымның және рН – тың деңгейін реттеу арқылы, организмнің ішкі ортасының ( гомеостаздың) тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
3. Жасушалардағы энергияның трансформациялану және жиналу процесстеріне қатысады, және жасушаішілік процессетрге гормондық және жүйке жүйесінің сигналдарының жеткізілуін қамтамасыз етеді.
4. Ферменттердің активаторлары немесе ингибиторлары болып саналады.
Дене салмағының 50 – 79 % судан тұрады. Ересек адам тәулігіне 2 л су қабылдайды, сонымен қатар адам организмінде тәулігіне 300 -400 мл эндогендік су тыныс алу процессінде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |