5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Бұйрықтың әр тармағы Еңбек туралы Заң (Кодекстегі, Кодексін, Кодексінің, Кодексімен) талаптарына сәйкес (болуым, болуың, болуы, болмауы) керек. Мадақтау мен жазалау туралы бұйрықтар бөлек (толтырылыпты, толытырылса, толтырылады, толтырады). Бұйрықта берілген тармақтың күшіне ену (мерзімін, мерзіміндегі, мерзімімен, мерзімі, мерзімде) көрсетіледі. (Жұмыспен, Жұмысқа, Жұмыстан, Жұмыстың) қабылдауда белгіленген еңбек ақы көлемі міндетті (түрмен, түрден, түрде, түрге) көрсетіледі.
6-жаттығу. Берілген нәтижелі өткен шақ етістіктерден субъективті өткен шақ жасаңыз (Трансформируйте глаголы в форме результативного прошедшего времени в форму прошедшего субъективного времени).
Үлгі: Бұйрық шығарылған – Бұйрық шығарылыпты
Жұмысқа қабылданған. Іссапардан келген. Бұйрықпен танысқан. Басқа қызметке ауыстырылған. Міндеттері белгіленген. Мемлекеттік тілді меңгерген. Қызметтен босатылған. Бас маман болып тағайындалған. Іс тәжірибесінен өткен.
7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық бірден бірнеше қызметкерге жасалуы мүмкін. Мұндай бұйрықтар жеке қызметкерге қатысты тармақтардан тұрады.
Бұйрықта күні және «ж/қ» (жеке құрам бойынша) индексінің № немесе «к» (кадр) белгілері көрсетіледі.
Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға бұрыштама қояды. Бұйрыққа кәсіпорынның басшысы қол қояды және ол қызметкерлерге жеткізіледі.
Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда бұйрықта жасалған жеке еңбек шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін директордың нұсқауы беріледі.
Осындай бұйрықтар тағайындалатын қызметкерге қол қоюға жіберіледі, ал көшірмесін кәсіпорынның барлық қызметкерлері танысу үшін хабарландыру тақтасына ілінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |