Оқу әдістемелік кешен


«Квалификация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын белгілеңіз



бет93/111
Дата10.06.2022
өлшемі0,94 Mb.
#146320
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
Байланысты:
леуметтік-Гуманитарлы - факультеті

4. «Квалификация» сөзінің қазақ тіліндегі баламасын белгілеңіз.
А) білімділік
В) біліктілік
С) білгірлік
D) бүлікшілік
Е) білімсіздік


5. Өтініш басшылардың, мемлекеттік органдардың атына кімдердің тарапынан жазылады?
А) заңды тұлғалардың
В) тарихи тұлғалардың
С) жеке тұлғалардың
D) ірі тұлғалардың
Е) ата-аналардың

24-сабақ


Мінездеме


(Характеристика)

Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестациялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.


Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді бөліп көрсетуге болады.
Басқы бөлім – анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі, т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер құжат атауынан бір интервал төменге басылады.
Екінші бөлімде – еңбек қызметі туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б.) және еңбегіне берілген баға жазылады.
Үшінші бөлімде – қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі.
Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.
Мінездеменің міндетті деректемелері:



  1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:

  • аты-жөні;

  • ұлты;

  • әскери қызметке қатысы;

  • отбасы жағдайы;

  • білімі;

  • лауазымы;

  • туған жылы;

  • туған жері;

  • азаматтығы.

  1. Қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары.

  2. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатысы.

  3. Мінездеменің берілу мақсаты.

  4. Мекеме басшысының қолы.

  5. Мінездеменің берілген уақыты (айы, күні, жылы)

  6. Мекеменің мөрі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет