ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет32/72
Дата25.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#199152
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72
Байланысты:
ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»-emirsaba.org
лаборатория, Алкендер тақырыбына химиядан презентация (11 сынып), 6 атамұра
Фонетикалық құрылымында:
1.Сегіз-тоғыз дауыстының болуы олардың ішінде ы, и, і, (у, ұ, ү)
қысаң дауыстыларының өзіндік нақышы болады;
2.ағ >ау, ег>ий, үг>үй т.б. дауысты мен дауыссыздың ежелден белгілі тіркестеріне сәйкестіктің болуы, мысалы: тағ>тау «тау», тег>тий – «тию, жанасу» ү(ө)грен - > үйрен – «үйрену» т.б.
3.Түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тілдеріне сөз соңындағы дауыссыздың түсіп қалуы тән. Мысалы, оғыз және қыпшақ тілдеріндегі лексемаларды салыстырыңыз: сулук-сулу – (сұлу) чистый, красивый; серук-серу – тоқыма станогі; табақ-таба – (жайпақ/жалпақ табақ); бураук-бурау – (бұраушы/бұрғы), бурав; тірік-тірі – (тірі).
4.Сондай-ақ, қыпшақ тілдері морфологиясы мен лексикасына тән кейбір ерекше белгілері бар. Олар оғыз және қарлұқ тілдерінің белгілерімен қарама-қарсы қойылады.
Қыпшақ тілдерінің ноғай, қарақалпақ және қазақ тілдері сияқты тірі тілдерден тұратын қыпшақ-ноғай топшасы алтын Орда мемлекетінің ыдыраған тұсында (дәуірінде) қалыптасты және өзге тілдердің дамуымен байланысты болды.
Қыпшақ-ноғай тілдері Орта Азия мен Еділ бойында таралған.


Қыпшақ-ноғай тілдері топшасы тарихи тұрғыдан біршама көнелеу болып саналатын қыпшақ-бұлғар және қыпшақ-половец топшаларынан мынадай белгілері бойынша ажыратылады:


  1. Ч фонемасының болмауы және оның ш дыбысымен алмасуы, ал ш

дыбысының с дыбысымен алмасуы, мысалы, қаш - < кач- «қашу», қыс < қыш «қыс» т.б;


  1. Көрші дауыссыз дыбыс ықпалымен жүзеге асырылатын м~б~н


сәйкестігі;


  1. Дауыссыз дыбыстар позициясына орай болатын и~д~т


сәйкестіктері т.б.


ҚЫПШАҚ-ПОЛОВЕЦ ТІЛДЕРІ:
Қарайым тілі
Қарайым тілі (қарай, қарай – карайим, караит) – түркі тілдері қыпшақ тобының қыпшақ-половец топшасына жатады.
Тракай және галич диалектілерінің арасындағы айырмашылықтар:

Фонетикасы бойынша -ө/э, ү/и, а/е, ш/с, ж/з, дж/дз, эй/ай, нъл/лл, й/н сәйкестіктері, ауслаутта х/к (қ): өп/эп – «өбу, сүю», кельгяньляр/кельгеньлер «олар келді/келгендер», баш/бас «бас», тережя/терезе «терезе», ач/ац «аш (қарны аш)», джан/дзан «жан», бармах/бармак «бармақ/саусақ», булэй/булай «былай/бұлай», энъли/элли «елу», майа/манъа «маған»;

и, е дыбыстарының алдында келетін т’/к: тис/кис «тіс», келди/келги «келді»;

Морфологиясы бойынша - жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғаулары әртүрлі формаларда қолданылады: -мын,-мин/ -мен, -м; -сын, -син/ -сен, -с; -й,/ -н; -йыз, йиз, -йуз, - йүз / -ныз, -низ, -нуз, -нүз;
Екі диалектіде де есімше – адоған тұлғасында жұмсалады: барадогон «бара жатқан»;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет