Оқу жылына бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша хабарлама



Дата05.04.2023
өлшемі1,04 Mb.
#173833
Байланысты:
Документ Microsoft Word (6)
000480e6-229dd264, 113bio, Саба та ырыбы Ше бер. Д гелек сектор (1 са ат берілген, 1-саба, Информатика 7 класс

2022-2023 оқу жылына бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша хабарлама
Құрметті ата-ана, мектеп әкімшілігі Сізге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын басшылыққа алынып, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 5 бабының 14-1 тармақшасы, 47,49 баптарына сәйкес, мектеп жарғысы, 18.05.2019 жылғы №4 қамқоршылық кеңес хаттамасы негізінде, 20.05.2022 жылғы №263 бұйрықпен 2022-2023 оқу жылына келесі үлгіде мектеп формасы бекітілгенін хабарлайды.
1.Мектеп формасының түсі қою қара көк.
1.1.Ұл балалар үшін мектеп формасы: кою қара көк түсті пиджак, классикалық үлгідегі шалбар (еркін тігілген және тобықты жауып тұратын болу керек), мерекелік ақ жейде, күнделікті бірыңғай көк түсті жейде. Ұлдардың шаш үлгісі қысқа, классикалық үлгіде болу керек. Шашты тықырлап алуға, тұлым қоюға тыйым салынады.
1.2.Қыз балалар үшін мектеп формасы: кою көк түсті пиджак, юбка немесе сарафан етек ұзындығы тізе тұсында (ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары немесе төмен болмауы керек), мерекелік ақ жейде, күнделікті бірыңғай көк түсті жейде. Қыздарға арналған шалбар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұру қажет. Қыздардың шаш үлгісі түйіліп жиналған немесе өрілген болу қажет. Қыз балалардың денсаулығын алдын алу мақсатында, мектепке биік өкшеде туфли киюге, бет әрлейтін заттарды қолдануға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ көлемді сырға, моншақ, белдемше тағуға тыйым салынды.
1.3. Білім алушыларға жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуар киюге тыйым салынды.
1.4. Ұл балалар мен қыз балаларға ғимарат ішінде кез келген үлгідегі бас киім киюге тыйым салынады.
1.5.Ұл балалар мен қыз балалардың аяқ-киімі классикалық үлгіде болу қажет.
1.6.АӘД және дене шынықтыру сабақтарында білім алушылардың киім үлгісі ерекше болады. АӘД сабағында қыз балалар мен ұл балалар әскери жасыл түсті жейде киеді.
1.7.Денешынықтыру сабағында ұл балалар мен қыз балалар бірыңғай қою қара көк түсті спорттық костюм,шалбар, спорттық аяқ-киім (кеды, кроссовки) 1-4 сынып оқушылары сары түсті, 5-8 сынып оқушылары көк түсті, 9-11 сынып оқушылары ақ түсті футболка киеді.
Сіздерден 2022-2023 оқу жылында білім алушылардың бекітілген мектеп формасын сақтауын сұраймыз.
Білім туралы заңының 47 бабы 15-1 тармақшасы, 49 баптың 2-3,6 тармақшаларына сәйкес, ата-ана немесе өзге заңды өкіл мектеп формасына қойылған талаптарды орындауға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет