Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет38/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Жүрек жетіспеушілігі – тіндердің метаболикалық қажеттілігіне жеткілікті
жүректік лақтырысты жүректің қамтамасыз ете алмауы. Жүрек жетіспеушілігінің
асқынуы қан айналысының жетіспеушілігі, ол да өз кезегінде жүрек жетіспеушілігін
қиындатады.
Этиологиясы. Жүректің туа пайда боған ақаулары: солдан оңға қан лақтырысының артуымен жүретін немесе сол не оң қарынша алып кетуші қан тамырларыныңобструкциясы.
Жүре пайда болған жүрек ақаулары: кардиттер, кардиомиопатиялар, ревматизм
кезіндегі жедел немесе созылмалы жүрек зақымдалуы.
Ырғақтың немесе өткізгіштіктің бұзылысы: пароксизмальды тахикардия, жыбыр
аритмиясы, толық антривентрикулярлы блокада жҽне т.б.
Ятрогенді факторлар: хирургиялық көмек кезінде жүрек зақымдалуы,
медикаментозды емдеу.
Жүректен тыс себептер: тиреотоксикоз, артериовенозды фистула, жедел және
созылмалы өкпе аурулары, гликогеноз, дәнекер тінінің жүйелі аурулары, жүйке-бұлшықет
аурулары, гипоксия, артериальды гипертензия және т.б.
Патогенезі. Негізгі фактор миокардтың жиырылу қызметінің тҿмендеуі. Оның
негізгі екі механизмін ажыратады:
энергиялық-динамикалық (миокардиальді) жетіспеушілік – миокард метаболизмінің
біріншілік бұзылысы кезінде (кардит, гипоксия, зат алмасу бұзылысы жҽне т.б);
гемодинамикалық жетіспеушілік – жүрекке түскен күш оның жұмыс жасау
мүмкіндігінен артып кеткен кезде туындайды және компенсаторлық мүмкіндіктерді
жояды (туа және жүре пайда болған ақаулар, сирек үлкен немесе кіші қанайналым
шеңбері гипертензиясы кезінде).
Балаларда бұл механизмдердің қосарланған түрлері байқалады.
Одан бөлек жүрек жетіспеушілігінің екі түрін ажыратады:
аз жүрек лақтырысы синдромы (систолалық тип, «шұғыл» қанайналымының
бейімделуімен жедел ағымды)
кідірген жүрек жетіспеушілігі (диастолалық тип, қанайналымының баяу бейімделуімен
жедел немесе созылмалы ағымды)
Жүрек жетіспеушілігінде қалыптасу механизмдері болып келеді:
симпато-адренальды жүйенің белсенуі (миокард зақымдалғанда);
жиырылу күшінің жоғарылауы (қарыншалық клем артқанда Франк-Старлинг заңының
жүзеге асуы)
миокард гипертрофиясы (қарыншада шектен тыс қысым артқанда)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет