Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет8/110
Дата20.12.2022
өлшемі2,54 Mb.
#163491
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110
Байланысты:
Емтихан билеттері Аралық бақылау 2021-2022 оқу жылы

Қолқа қақпағының жедел кемістігі
Этиологиясы. Қолқа қақпағының жедел кемістігінің себептері – инфекциялық эндокардит,қолқаның шарбылы аневризмасы, жүрек жарақаты. Процесс жедел дамығанда сол жақ қарыншакеңіп үлгермейді, оның өзі систолалық қан көлемін азайтады жəне сол жақ қарыншадағы соңғыдиастолалық қысымды көтереді. Кейін өкпе шемені туындайды, ол науқас адамның өлімінің себебі болуы мүмкін.
Клиникасы. Науқастың шағымдары: ауыр ентігу, əлсіздік, кеуденің ауыруы. Терінің қуқылтартуы, цианоз, тері салқын, ылғалды болады. Тахикардия, артериялық гипотензия. Қолқақақпақтары кемістігіне тəн аускультациялық симптоматика болады.
Емі. Негізгі емдеу əдісі – шұғыл операция жасау. Операцияға дейінгі кезеңде – вазодилататорлар (натрий нитропрусиді), кардиотониктер (дофамин, добутамин), диуретиктер қолданылады.
Қолқа сағасының тарылуы
Қолқа сағасының тарылуы (қолқалық стеноз) – қолқа қақпақтары мен қақпақ маңындағықұрылымдарда болатын патологиялық өзгерістерге байланысты қолқа тесігінің тарылуы түріндедамитын жүрек ақауы.
Этиологиясы. Ақаудың даму себептері: ревматизм қызбасы, атеросклероз, инфекциялық эндокардит, қолқа қақпақтары мен сағасының іштен туа болатын ауытқулары.Бұрын қолқа стенозының іштен туа болатын варианты болып есептеліп келген қолқаастылықстеноз қазір гипертрофиялық кардиомиопатияға жатқызылады. Ақаудың ең сирек варианты қақпақ үсті стеноз; ақаудың бұл варианты коронарлық артериялардан дистальді орналасқаноралмалы тыртықтар немесе мембрананың болуымен байланысты.Жеке қолқа стенозының үлесіне жүре пайда болған жүрек ақауларының 1,5-2% тиеді, басқаақаулармен қоса ол 23% жағдайда кездеседі.
Патоморфологиясы. Қолқа сағасының тарылуы қолқа қақпақтары жармаларының бір-
бірімен бітісуінен пайда болады.
Гемодинамикасы. Қанның сол жақ қарыншадан үлкен қан айналысы шеңберіне ағуына
кедергі болуы үшін қолқа тесігінің ауданы 50%-дан жоғары тарылуы керек (қалыпы күйде қолқасағасының ауданы 3 см2 тең).Кедергі пайда болған жағдайда қосылатын компенсаторлық механизмдер: қан айдау кезеңініңұзаруы (ұзақ уақыт ішінде сол жақ қарыншадан қолқаға құйылатын қан көлемі де көбейеді) жəнесол қарынша ішіндегі қысымның көтерілуі (қарынша ішілік қысымның көтерілуі қолқа тесігіарқылы өтетін қан көлемін көбейтеді). Сол жақ қарынша іші қысымның көтерілуі сол жақ қарынша – қолқа арасындағы қысым градиентін (айырмашылығын) көбейтеді (қалыпты күйде қан
қысымының градиенті болмайды немесе ол болмашы болып келеді), ауыр стенозда бұл градиентс.б. 100-150 мм-не жетеді.
Сол жақ қарынша систоласының ұзаруы мен қарынша ішілік қысымның көтерілуі сол жақ қарыншаның ауқымды гипертрофиясын тудырады. Қолқа стенозындағыдай сол жақ қарыншаныңгипертрофиясы басқа ешқандай жүрек ақауында болмайды.
Компенсацияға өте қуатты сол жақ қарынша қатысатындықтан ұзақ уақыт декомпенсация
болмайды. Уақыт өте сол жақ қарыншаның жиырылу функциясы əлсіреп, оның қуысында дилатация бой көрсетеді. Мұның өзі сол жақ қарыншадағы соңғы диастолалық қысымды көтереді, олөз кезегінде сол жақ жүрекше ішіндегі қысымды көтереді. Кейін сол жақ жүрекше ішіндегіқысымның көтерілуі ретроградты өкпе веналарына тарайды. Пассивті (веналық) өкпе гипертониясы пайда болады, бірақ өкпе артериясындағы қысым онша көтерілмейді; сондықтан оң жақ қарыншаның көзге түсерліктей гипертрофиясы болмайды. Дейтұрғанмен кейін үлкен қан айналысышеңберінде қан іркілісі белгілеріпайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет