2.1 Қазақстандық психиатрияның даму тарихы
Қазақстанда XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап арнайы медициналық мекемелер пайда болды. Осыған дейін психикалық наукастар жөнінде «шайтан билегендер» деп қарады. Дегенмен психикалық науқастарға қатаң шаралар қолданылмады. ХVІІІ ғасырда психикалық науқастарды бақсылар, молдалар,тәуіптер дұғамен, әнмен, домбыра мен қобызда ойнап, дәрілік шөптермен, және де қамшымен бірнеше рет ұру түрінде стресстік әсерлермен және т.б. тәсілдермен емдеді.
Қазақтардың әдет-ғұрыптарында психикалық науқастардың қолдарымен жасалған заң бұзушылықтарға байланысты көзқарастар (пікірлер), олардың азаматтық құқықтары, қабілеттіліктері, оларға қамқорлық қарастырылған. Мұны соттық психиатрияның негізі десек те болады. Қылмыс жасаған адамның психикалық күйін сот істерін шешуші билер соты адамгершілікке сүйене отырып бағалады. Билер соты орыс администрациясының кұзырында болды.
Алғашқы психиатриялық ауруханалардың ашылуы ауыр саяси экономикалық жағдайларда, жергілікті басшылығымен іске асты және орыс алғашқы және интеллигенциясының психиатриялық аурухана 1861 жылы Оралда (10 адамға арналған), Жымбейтыда (6 адамға арналған) ашылды. Кейіннен психиатриялық ауруханалар 1893 жылы Омбыда, 1896 жылы Семей мен Верныйда, 1907 жылы Перовскіде, 1883 жылы Ақмолада ашылып жатты. Осы кезеңдерде төсек орындардың жетіспеушілігіне байланысты науқастардың біршама бөлігі Ресейге жолданып, орын жалданып отырды. Барлығын қосқанда психикалық наукастарға арналған 49 орындық аурухана болды, 1913 -16 орынға, 1925-1927 жылдары 130 орынға, 1937 жылы - 815 орынға кетті. Қазақстандағы алғашқы психиатрлар ресейлік дәрігерлер болды. Геровск (Қызыл-Орда) ауруханасының бірінші дәрігері Петербург Ледико-хирургиялық академиясының түлегі М.В. Игнатьев болды, ауруханада науқастарға тегін көмек көрсетілді. М.В. Игнатьев еңбектік өрдісті енгізді, шаруашылық жұмыстарына, аяқ-киім жөндеу шеберханаларына еңбекке баулынды. Верный қаласында 10 төсектік психикалық науқастарға арналып ашылған аурухананың алғашқы бас (дәрігері кім болғаны жөнінде мәлімет жоқ, 1 дәрігер, 1 фельдшер бақылаушы, 5 кіші персонал және шаруашылық қызметкерлері жұмыс істегені мәлім. 1897 ж. Казань университетінің түлегі Д.Г. Каменицкий бас дәрігер болып тағайындалды. Оның қатысуымен әскери және сот- психиатриялық сараптаманың негізі қаланды.
1921 ж. науқастарды амбулаторлық қабылдау ашылды. Л.Якимов, Д.Лейкин ірі өндірістік мекемелерде жұмысшылардың диспансеризациясын іске асырды. 1980 ж. КССРО-ң 5 аймағында (Мәскеу, Ленинград, Латвия Алтай, Ивановск обл.), артынан Қазақстанда да ағымы жайлы аурумен науқастарға көмектің емдік-консультативті түрі енгізілді.
1948 жылы Қазақстанда штаттан тыс бас психиатрдың, ал 1975 жылы штаттан тыс бас балалар психиатры лауазымы енгізілді. 1950-1970 жж. облыс орталықтарында психоневрологиялық ауруханалар мен кабинеттер ашылды, олардың әрқайсысы 550 койкадан тұрды. 50-60жж Қазақстанда емдік-еңбектік шеберханалар, күндізгі стационарлар, реабилитациялық бөлімдер барлық ауруханалар мен диспансерлерде пайда болып, дами бастады.Талдықорғанда сауығып келе жатқан науқатарға арналған патронаж ұйымдастырылды. Психиатриялық көмек шеңберінде наркологиялық көмек дамып жатты, алғашында олар психоневрологиялық диспансерлердегі наркокабинеттер болды (1959-1960жж.). 1975 жылы Қарағандыда балалар психоневрологиялық диспансері ашылды. Психиатриялық қызметті психиатриялық наркологиялық мекемелер, жедел психиатриялық көмек көрсету пункттері, фельдшерлік пункттер көрсетіп отырды. 1935 жылы Алматы Медицина институтында алғашкы психиатрия кафедрасы ашылды, меңгерушісі Ленинградты психиатриялық мектептің түлегі профессор
Б.Н. Серафимов болды. Психиатрия саласындағы ғылыми зерттеулер осы кезеңнен басталды. Қазақстандағы ғылыми психиатрия әлеуметтік психиатрия мәселелері қарастырды.
1947 жылдан бастап меңгеруші қызметін Сарато медициналық университетінің түлегі А.П. Штесс, 1956-1957 жж Ленинградтық Әскери-теңіздік академиясынан подполковник, доцент Д.А. Евстафьев, 1961-1990 жж. профессор Г.И Зальцман кафедра меңгерушісі қызметін атқарды, ол 90 ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде «Тетурамовые психозы» монографиясының, екі оқулықтың авторы. Оның жетекшілігімен докторлық және кандидаттық диссертациялар орындалды (олардың басым бөлігі Мәскеу, Ленинград, Киев, Ташкент және т.б. қалалардың басты ЖОО-да қорғалды), Қазақ республикалық психиатрлары MCH наркологтарының ғылыми қоғамының, КСРО МҒА проблемалық комиссиясының мүшесі болды. «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталды. Осы жылдары кафедра психопатологиялық синдромдар және алкогольді патология, жасқа байланысты психиатрияның актуальды проблемалары зерттелді. Г.И Зальцман 2000 жылға дейін кафедрада профессор лауазымында қызметін жалғастырды. 1990-2000 жк. проф. Ғ.М. Құдиярова кафедра меңгеруші қызметін атқарды, ол 3 оқулықтың авторы, 200 астам ғылыми жұмыстары жарық көрді. Көп жылдар бойы Республиканың бас психиатры қызметін атқарды.
1896 жыл ашылған Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана 2002 жылдан бастап психиатрия, психотерапия және Республикалық Ғылыми-тәжірибелік орталық қызметін атқаруда. Орталықтың тұңғыш Ғылыми-техникалық бағдарламасы «Органикалық психикалық бұзылыстар» тақырыбына арналды. Орталықтың міндеттерінің бірі әлеуметтік психиатрияның этномәдениетті, экологиялық және т.б. мәселелері кіретін эпидемиологиялық, социо-клиникалық зерттеулер жүргізу болды. Орталық кұрылымында әлеуметтік және сот психиатриясы бөлімі бар. Орталық архивінде XX ғасырдың 40 жылдарының басындағы сот- психиатриялық сараптамалардың акттарымен ауру тарихы сақталған. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркологиялық Ғылыми- тәжірибелік орталықта Орталық психитариялық комиссия жұмыс істеді (ОПК). ОПК-ң төрағасы проф. М.А. Гонопольский, ізінен Қазақстан Ресбуликасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер проф. Р.Г. Илешева болды, аурухананың консультанттары Республикадан тыс деңгейде танымал болған проф м.ғ.д Г.И. Зальцман, проф. м.ғ.д. Ж.А. Алимханов, проф. м.ғ.д. Ғ.М. Құдиярова болды.
Сот-психиатриялық сараптамалық комиссиялар психиатриялық клиникалық стационарларда қызмет етті. Амбулаторлық СПС 1986 жылдан бастап Алматылық қалалық ПНД-ге ауыстырылды. 1988 жылы мамандандырылған психиатриялық ауруханалар КССРО-н МВД-дан денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығына берілді. Қазіргі кезеңде еріксіз емдеуді іске асыратын арнайы (мамандандырылған) типтегі Ақтас Республикалық психиатриялық ауруханасы Орталық Азиядағы ең ірі мекеме болып табылады. 2000 жылы Павлодар қаласында наркологияның медико-әлеуметтік проблемаларының Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |