Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет239/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Пушкин, Гетелермен қатар тұрады.
Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде және басқа елдерде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.


Екінші ат - дәстүрлі қазақ қоғамында балаларға еркелетіп қойылатын екінші есім.
Долгополов Нифонт Иванович (1857-1922) - ол Харьков университетінің студенті бола жүріп студенттердің революциялық шерулеріне белсене қатысқан. Сол үшін Семейге саяси тұтқын ретінде жер аударылған. Мұнда ол Абай Құнанбаевпен жақын танысып, тығыз қарым-қатынаста болған.
Северин Гросс (1858 - ө. ж. белгісіз) - Польшадағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқаны үшін 1883 жылы Семейге жер аударылған. Семейде жүрген кезінде ол антропологиямен, этнографиямен және қазақтың әдет-ғұрып құқықтарын зерттеумен айналысқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - қазақ ақыны, ойшылы, сазгер әрі аудармашы. Араб, парсы, түрік және орыс тілдерін жетік білген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» сияқты дастандар мен «Үш анық» атты философиялық трактаттың авторы.



«Абай (Ыбырайым) Құнанбаев
1904 жылғы 23 маусымда Семей уезінің Шыңғыс тауындағы Шыңғыс болысында дүниеге келіп, даламызда кеңінен танымал болған қазақ ақыны Абай Құнанбаев қайтыс болды. Оның кітапқа қарап қойылған аты Ибраһим еді. Бірақ қазақ даласы оны шешесінің еркелетіп қойған атымен Абай атап кетті. Оны біз де осылай атап отырмыз. Абай әкесі жағынан тобықты руының билеушілері ұрпағынан тарайды. Ақынның арғы атасы Ырғызбай тобықтының биі әрі батыры болған. Ол XVII ғасырдың 50-жылдарында Торғай облысындағы Ырғыз өзенінің бойында туғандықтан Ырғызбай атаныпты. Ол тобықтылардың руын Түркістаннан тамаша мал жайылымы бар шұрайлы өлке Шыңғыс тауына көшіріп әкелген. Абайдың бабасы Өскенбай өзінің туып-өскен даласында әділ би деген атаққа ие болған. Оған алыс аймақтағы рулардың қазақтары да әділдік іздеп келеді екен. Абайдың өз әкесі Құнанбайдың тобықтыдан өзге рулардың қазақтарына да ықпалы күшті болған. Мұны Құнанбайдың Қарқаралы округіне аға сұлтан болып сайлануы да айқын көреетіп берді. Ал бұл лауазымды қызмет сұлтандар әулетінен шыққандардың ғана құқығы болып табылатын. Құнанбай ғұмырының соңғы кезінде Меккеге қажылыққа барды. Одан келген соң бұл дүниенің ісінен біржола қол үзді. Мұның өзі оның есімін бұрынғыдан да көпке кеңінен танымал ете түсті».
Бөкейхан Ө. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1995, 307-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет