Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты



бет241/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
2. Патша үкіметінің XVIII ғасырдағы ислам дініне қатысты ұстанған саясаты. XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі жағдайда Ресей императрицасы II Екатерина ислам дініне қолдау көрсету саясатын ұстанды. Мұның мынадай себептері болды: біріншіден, патша үкіметі қазақты Ресеймен тығыз байланыстырмақ болды. Бұл ретте мол- далар тек қана Ресей татарларынан іріктелді. Екіншіден, мұндай қадам жасау қазақтың Орта Азиядағы мұсылман орталықтарымен байланысын шектеуге тиіс болды. Үшіншіден, бұл шаралар көшпелі қазақтың жауынгерлік мінез-құлқын едәуір жұмсартады деп ұйғарылды. Сондықтан да қазақ даласымен шекаралас жерлердің барлығында да мемлекет қазынасы есебінен мешіттер салына бастады. Әдетте ол мешіттер патша үкіметі әкімшілігінің бастамасы немесе қазақ хандары мен сұлтандарының және старшындарының өтініші бойынша бекіністер жанынан салынды. Мәселен, сұлтан Шаншар Сұлтанбетовтың өтініші бойынша Ертіс өзенінің жағасында осындай бір мешіт бой көтерді. Ол мешіт Жәмішев бекініс-қамалы мен Семей қаласының ортасында салынған еді. Мешіттің жанында балаларды оқытатын шағын медресе де болды.
3. XIX ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясатының өзгеруі. Патша үкіметінің әкімшілігі өзінің отаршылдық саясатын жүргізе отырып, көшпелі, жартылай көшпелі қазақ халқын шоқындырып, христиан дініне көшіруге зор көңіл бөлді. Сол арқылы Қазақстандағы байырғы халықты Ресей империясына шын ниетімен берілген жандар етіп шығаруды ойластырды. XIX ғасырдың бас кезіне қарай қазақ даласындағы әлеуметтік-саяси жағдай өзгере бастады. Соның нәтижесінде патша үкіметінің қазақты шоқындырып, христиан дініне көшіру жөніндегі жаңа саясатын жүзеге асыру үшін өте қолайлы жағдай туды. Патша үкіметінің халықаралық аренадағы жағдайы да орныға түсті. Ресей француздарға қарсы 1812 жылғы Отан соғысында жеңіп шықты.
Патша үкіметінің қазақты шоқындыру жөніндегі белсенді қызметі 1808 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстанның Ресеймен шектес аудандарында ашаршылық күшейген еді. Патша үкіметінің әкімшілігі қазақтың балаларын көптеп сатып алып, оларды православие дініне кіргізуге кірісті.
XIX ғасырдағы белгілі орыс зерттеушісі А. Добросмысловтың хабарлағанындай, «Қазақтың балаларын шенеуніктер, помещиктер, казактар, офицерлер, көпестер, тіпті дін қызметкерлерінің өздері де сатып ала бастады».
Алайда қазақ даласында христиан дінін қабылдағысы келетіндер іс жүзінде мүлде жоқтың қасы еді. Мұның өзіндік себептері де бар болатын. Біріншіден, Қазақстанның тұрғындары негізінен қазақ еді. Екіншіден, қазақ халқының тарапынан православиелік дін таратушы миссионерлердің қызметіне қарсылық тіпті күшті болды. Үшіншіден, бұл кезде ислам дінінің жағдайы едәуір нығайған еді. Сондықтан да қазақты шоқындырып, христиан дініне көшірудің нәтижесі XIX ғасырдың ортасына дейін тіпті де мардымды болған жоқ. Мәселен, аса ауқымды Омбы өлкесінде небары 25 қазақ, Томск губерниясында 4 қазақ қана шоқынған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет