Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Патша үкіметінің дін саясатына жергілікті халықтың наразылық білдіруі



бет244/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Патша үкіметінің дін саясатына жергілікті халықтың наразылық білдіруі. Дін таратушы христиан миссионерлерінің қызметі және ислам дінінің ықпалына барынша шек қоюшылық қазақ халқының тарапынан күшті наразылық тудырды. 1889 жылы Ақмола облысының Көкшетау облысындағы қазақтар патшаның тікелей өзіне хат жазып, қазақтың өз мүфтиін тағайындауды сұрады. Бірақ патша олардың бұл өтінішін орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Мешіт салуға рұқсат етілмегеніне қарамай, қазақ оларды ешқандай рұқсат сұрамай-ақ, өз беттерінше салып ала бастады. 1903 жылы Көкшетау, Петропавл, Ақмола, Павлодар, Семей қалаларында мұсылмандардың құпия діни ұйымдары құрылды. Оған молдалар, мұғалімдер және қазақтың студент жастары мүше болып тартылды. Ол ұйымдардың қызметі мен міндеті патша үкіметінің дін саласындағы саясатына қарсы күрес жүргізу болды. Қозғалысты Науан хазірет (Наурызбай Таласов), Мұхамеджан Бекішев, Шәймерден Қосшығұлұлы және Ысмағұл Балжановтар басқарды.

Олар қазақ халқын өз ұлттық бет-бейнесін сақтап қалуы үшін патша үкіметінің христиан дінін таратушы миссионерлік қызметіне қарсы белсене күрес жүргізуге шақырды. Атап айтқанда, олар қазақ даласындағы беделді тұлғаларға - Павлодар уезіндегі Садуақас Шормановқа, Семей уезіндегі Абай Құнанбаевқа арнайы хат жазып, өздеріне қолдау көрсетуін өтінді.
1907 жылы Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының жанында арнайы кеңес өткізіліп, онда қазақ қоғамындағы рухани өмірдің кезек күттірмейтін өткір проблемалары да талқыланды. Кеңесте православие дінін таратушы миссионерлердің қызметіне тыйым салу талап етілді. Қазақ православие дініне өтіп кеткендердің қайтадан ислам дініне ешқандай кедергісіз емін-еркін оралуын да талап етіп қойды. Сондай-ақ өзіндік ерекше Далалық мүфтият ашу қажет деген ұсыныс жасалды. Кеңеске қатысушылар қазақ, татар және араб тілдерінде шығатын рухани кітаптарға цензуралық бақылауды тоқтату жөніндегі мәселені де көтерді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет