141
Кескінделетін құбылыстар санын картаның əртүрлі қосынындағы
айырмашылықтары үлкен болған жағдайда шартты шкалалар
қолданылады.
3.11-сурет.
Германиядағы автомобиль зауыттарында
істейтін адамдар са-
нын көрсететін абсолют сатылы шкалалы белгілер
Көрсетілетін құбылыстың сапалық айырмашылықтарын ашу
үшін белгілерді бояйды. Мысалы, бұл əдіспен елді-мекендерде
орналасқан өнеркəсіп
салаларын бейнелеу қажет болса, белгі
өлшемі əр елдімекендегі өнеркəсіп өндірісінің көлеміне, түсі
өнеркəсіптің басым саласына сəйкес келеді.
Кескінделенетін құбылыстың сапалық айырмашылығын си-
паттау екі дəрежелі болуы мүмкін. Белгілі бір бояу түрімен ма-
шина жасау, тамақ өнеркəсібі сияқты
өндірістің ірі салаларын,
штрихтармен көліктік немесе ауылшаруашылық машина жасау
сияқты өндірістің біршама жеке сала тармақтары көрсетіледі.
Белгіні бірнеше бөлікке бөлу арқылы белгілі бір елдімекенде
орналасқан өнеркəсіп салаларының құрылымын көрсетеді. Атап
айтсақ, экономикалық карталарда көп салалы өнеркəсіп торапта-
рын сипаттау үшін белгілі бір қосында
орналастырылған белгі
жеке бөліктерге бөлініп, сəйкес келетін сала таңдап алынған бояу
түрімен боялады.
Басқа жағдайда белгінінің түсі сипатталатын құбылыс
сəйкес келетін жылды немесе уақыт кезеңдерін көрсету үшін
142
қолданылады. Пішіні бірдей болғанымен өлшемдері əр түрлі
түстегі бірнеше белгіні үйлестіру арқылы құбылыстардың да-
муын ашып көрсетеді [3.11-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: