Аэрофототүсірілімдерді топографиялық дешифрлеудің мəні. Аэрофототүсірілімдерді жергілікті жердегі нысандармен
дала жағдайында байланыстырумен қатар камералық өңдеу үшін
оларға дешифрлеу жұмыстары да жүргізіледі.
Аэрофототүсірілімдер аэрофотосұлбалар мен фотосызбаларда-
ғы жергілікті жердегі нысандардың кескіндерін тану үдірісі
дешифр леу деп аталады.
Топографиялық дешифрлеу барысында топографиялық
сұлбалар (пландар) мен карталар түсірілуге тиісті барлық нысан-
дар танылып, олардың кескіндері анықталады (өзендер, жолдар,
елдімекендер, ауылшаруашылығына жарамды жерлер, орман
алқаптары т.б.). Топографиялықтан басқа арнайы дешифрлеу
де болады. Онда топографиялық элементтерден басқа арнайы
міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін нысандар (ботаникалық,
геологиялық, гидрологиялық т.б.) дешифрленеді. Дешифрлеу
далалық жəне камералық болып екіге бөлінеді.