Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Жоспарлы аэрофототүсірілімдерді пайдаланып топогра-



Pdf көрінісі
бет370/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Жоспарлы аэрофототүсірілімдерді пайдаланып топогра-
фия 
 
лық карталар құру. 
Аэрофототүсіруден топографиялық 
карталар құру үшін 
құрамдасқан
жəне 
стереотопографиялық
əдістерді қолданады. Құрамдасқан əдіс жазық жəне шағын белесті-
төбелі аумақтардың аэрофототүсірілімдерінен топографиялық 
карталар құру кезінде қолданады.
Құрамдасқан əдісті қолдану кезінде аэрофтотүсірілімдержасау
жергілікті жердегі тірек нүктелермен далалық геодезиялық бай-
ланыс орнату арқылы жүзеге асырылады.
Фотопландар жергілікті жердегі тірек нүктелерін жоғары 
дəлдіктегі приборлармен жиілетіліп, белгілі бір масштабқа 
келтіріліп, алдын ала трансформацияланған аэрофотокескіндерді 
құру арқылы жүргізіледі. Фотопландармен фотокөшірмелер, 
шифрлеу арқылы жергілікті жердің топографиялық карталары 
мен пландары құрылады.
Жер бедерін горизонтальдармен түсіру үшін жергілікті жер-
де мензульдың түсіру жұмыстары жүргізіліп, топографиялық 
картаның түпнұсқасы құрылады.
Қазіргі кездегі топографиялық карталарды құрудың ең 
тиімдісі стереотопографиялық əдіс. Бұл əдісті қолдану барысында 
жергілікті жерде геодезиялық тірек нүктелері құрылып, таңдалып 
алынған аумақтың аэрофотокескіні қалған жұмыстардың барлығы 
аэрофотокескіндерді камералық өңдеу арқылы жүргізіледі.
Аталған іс-шаралардың барлығы арнайы стереотопограм-
метриялық приборлардың көмегімен жүргізіледі. Нəтижесінде 
жергілікті жердің стереоскопиялық үлгілері құрылып зерт-
теледі. Ол приборлардың біршама бөліктері атқаратын қызме-
ті мен құрылысы, жұмыс істеу қағидаттары жөнінен бір-бірі-
нен айырмашылықтары бар. Олардың негізгі тетіктеріне 


428
координаттық -өлшеу, аэротүсіруді ұстау, стереоүлгіні бақылау 
жүйелері, өлшегіш маркалар, кеңістікте орналасқан нысандардың 
стереоскопиялық үлгілері жатады. Оператор маркаларды өз 
ретімен үлгінің нүктесіне апарып, олардың орнын арнайы есепте-
гіш тің көмегімен анықтайды.
Стереограмметриялық приборлар аэрофототүсірілімдердің 
координаттарын, бұрыштарын, өзара биіктіктерін өлшейтін, 
аэрофототүсірілімдерді толық өңдейтін жəне стереопланиграф, 
мультиплекс сияқты карталарды құратын приборларға бөлінеді.
Өзара биіктік айырмасы жоғары болуына байланысты бұрма-
ланудың көптігіне орай таулы аймақтың жер бедерінің стерео-
кескінін құру қиынға соғады.
Осыған орай Аэрофототүсірілімнің шағын бөлігін арнайы 
фототрансформатордың көмегімен біртіндеп ортотрансформаци-
ялау арқылы жүргізіледі. Алынған ортонегативтен ортокескіндер, 
одан оротопопландар алынып олар дешифрленіп, карта құрылады.
Аэрофототопографиялық жəне аэроғарыштық түсіру жұмыс-
тарының негізінде топографиялық карталарды құру техно ло гия-
ларын жетілдіру мақсатында автоматтандырылған карто гра фия-
лық жүйе құру ісі қолға алынуда. Мысалы, картогра фия лық сурет 
сандық түрге көшіріліп, ақпаратты өңдеп, сандық ақпараттарды 
жаңғыртып, кестелік пішінге келтіріледі.
Аэротопографиялық түсіру материялының негізінде топогра-
фия лық картамен қатар фотосұлбалар мен фотокарталар құрылу да.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет