Қабатты бояулар тəсілі
– жер бедерінің ірі пішіндерінің алып
жатқан ауданын, созылған бағытын, биіктігін, тау беткейінің көлбеулігін,
мұхиттар мен теңіз суларының тереңдігін анықтауға мүмкіндік беретін
картографиялық бейнелеу тəсілі. Мұхиттар, теңіздер мен көлдер кескіні
көгілдір бояулармен боялады.
Қатар
– Гаусс пен Крюгердің тең бұрышты көлденең цилиндрлі проек-
циясында жобаланған
4° параллелдер жолағы. Ол латынның бас əріптері мен
белгіленеді. Қатарларды белгілеу экватордан солтүстік жəне оңтүстік полюс-
терге қарай жүргізіледі. А қатары экватормен 4°, В қатары 4°-8° шекте леді.
Екі жарты шардағы толық қатардың саны 22 ден 44-ке дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |