Конустыпроекциялар – картографиялық торлар конустың білігі
глобустың білігімен сəйкес келетін жағдайда құрылатын меридиандарының
сыртқы пішіні бір нүктеден таралатын сəуле тəрізді түзу, параллельдері
концентрлі доға болатын 40°-80° ендіктер аралығындағы аумақтардың кар-
таларын құруға арналған проекция. Конусты проекцияда картографиялық
торды тұрғызу үшін қалыпты қиып өтетін конустар қолданылады. Қиып
өтетін қалыпты конуста құрылған картографиялық тор глобустың екі
нүктесінде жанасатындықтан, екі нольдік бұрмалану сызығы болады.
Нөлдік бұрмалану сызығының аралығындағы параллельдер сығыла-
тындықтан, ұзындықтың жеке масштабы бас масштабтан кіші, ал сыртын-
да үлкен болады. Барлық қалыпты конустық торларда басты бағыт
меридиандар мен параллельдермен сəйкес келеді