Оқулық Алматы, 012 М. Ə. Бөлешов ƏӨЖ 614(075. 8) Ббк 51. 1я73 б 78


-тарау.  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет57/86
Дата08.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#190373
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
Байланысты:
Бөлешов.2012.ҚДС.

5-тарау
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫ. 
ЖОСПАРЛАУ ЖƏНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Соңғы жылдары денсаулық пен денсаулық сақтау жүйесі 
бағдарламаларын экономикалық тұрғыда бағалау мəселелері аса 
үлкен қызығушылық туғызып жүр. Оның негізгі себебі, денсаулық 
сақтау саласының шығыны тоқтаусыз жəне жылдам өсуіне қарамай, 
тұрғындардың денсаулығы мен жалпы бақуаттылығы баяу жақсаруда. 
Бұл жағдай мамандарды ойландырмай қоймайды. Денсаулық сала-
сына жұмсалатын қаржының жылдан жылға артуына алып келетін 
себептердің қатарында жер беті тұрғындарының тез қартаюы, 
медицинаға заманауи жəне өте қымбат технологиялардың кеңінен 
ендірілуі, медициналық көмек сапасының артуына тұрғындардың 
артқан үміті сияқты мəселелер бар. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 
кетіп жатқан шығынның артуы – əрбір елдің өкіметін алаңдатып 
отырған тек бір мəселе. Оның екінші жағы – медициналық көмек 
сапасының өте баяу жақсаруында болып отыр. Шындығында, медици-
на мекемелерінің көрсететін көмегі көбінесе жеткіліксіз, дəрігерлік ма-
мандар арасында тығыз байланыс қалыптаспаған, аурудың алдын алуға 
қажетті медициналық көмек дер кезінде берілмейді жəне тұрғындардың 
сапалы медициналық көмекке деген сұранысы барлығына бірдей 
қамтамасыз етілмейді. Осы мəселелермен жиі ұшырасу, денсаулық 
сақтау ісін ұйымдастырушылардың осы салаға бөлінетін қаржыны 
қысқартуға деген ниетін арттырады. Алайда денсаулық сақтау жүйесін 
тек шығындаушы сала деп қарастыруға болмайды. Бұл сала өндірістік 
сала болып табылады. Шындығында, денсаулық сақтау жүйесінің 
негізгі мақсаты тұрғындардың денсаулығын жақсарту арқылы, 
олардың еңбекке жарамдылығын арттыру жəне өмір сүру ұзақтығын 
жоғарылату болып табылады. Сондықтан денсаулықты медицина 
саласының тұрғындарға беретін тауары деп қарастыру қажет. Соны-
мен қатар, денсаулықты біздің экономикамыздың аралық тауары деп 
атауға болады. Денсаулықтан айрылған адам тауарды аз өндіреді жəне 
оның қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды. Ал тауар өндірмей 
жəне оны сатпай, ұлттық байлықты арттыру мүмкін емес. Сондықтан 
денсаулық сақтау саласын барынша жетілдіру, медициналық көмектің 
сапасын арттыру кез келген мемлекеттің стратегиялық мақсаты болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет