220
Метилорынбасқан арендер активтігі аз бензил радикалдарын түзу
салдарынан тізбекті процесті тежейді, ал сақинамен ілескен əлсіз С-
С байланысы бар арендердің айтарлықтай концентрациясы болғанда,
тізбектерді инициирлеуі мүмкін.
Ароматты көмірсутектерден өте қатаң температуралар кезінде ай-
тарлықтай дəрежеде кокс жəне шайыр түзіледі.
Пиролиз процесіне табиғи жəне ілеспе газдар, сонымен қатар
мұнайдың өңдеу өнімдері де түсе алады. Табиғи газдар құрамында
93-98% метан, 2% дейін этан жəне 1% дейін пропан болады. Пиролиз
процесі үшін тек этан мен пропан қолданылатын болғандықтан, таби-
ғи газдар пиролиздің құндылығы төмен шикізаты болып табылады.
Ілеспе газдар жəне мұнайдың тұрақтанған өнімдерінде 60-70% этан,
пропан жəне аса жоғары қайнайтын парафинді көмірсутектер бола-
ды, сондықтан да олар құнды пиролиздік шикізат болып табылады.
Кей де пиролизге бүкіл ілеспе газды түсірмей, тек одан бөлінген этан,
про пан жəне бутанды түсіреді.
Пиролизге пайдаланатын мұнай өңдеу өнімдеріне тіке айдау бензи-
ні мен ароматты көмірсутектердің экстракциялау қондырғылары нан
алынатын бензин – рафинат жатады. Бензиндік фракцияларды пиро-
лиздеу кезінде қосымша құндылығы жоғары өнімдер – бута
диен,
бутилендер, ароматты көмірсутектер, күйе мен нафталин өнді
руге
қажетті шикізат алынады.
Тіке айдалған бензиндердің рафинаттармен салыстырғанда ар-
тық
шылықтары бар, себебі құрамы негізінен қалыпты парафинді
көмірсутектерден тұрады, ал рафинаттарда 50% дейін изопарафиндер
болады.
Құбырлы пештерде пиролиз шикізаты ретінде керосин-газойльдік
фракциялардың пайдалануы мүмкін. Бірақ бұл шикізат алдын ала
дайындауды, күкіртті қосылыстардан тазартуды деароматтауды
қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: