255
Пештен шығатын шикізат (газойль) (І) 600°С-ке дейін қызды-
рылған катализаторлық шаңмен (ХІ) араласады да, буланып түтік
арқылы үздіксіз ағып реакторға (Р) барады. Реактордың сыйымдылы-
ғы үлкен болғандықтан, ондағы ағыс жылдамдығы бірден төмен-
деп, катализатор бөлшектері жылдам араласады да, қайнаған сұйық-
тық ретінде тығыздығы жеткіліксіз қабат түзеді. Крекингтің негізгі
процесі де осында өтеді.
Крекинг өнімдері реактордың жоғары қабатында көтеріледі, та-
зартқыш (VІ) арқылы өтіп, катализатордың ілесе келген бөлшектерінен
айрылады да, одан əрі ректификацияға барады. Крекинг кезінде
айрылу өнімдері үстін жабатын катализатор ауа толқынымен (Х) бірге
реактордан үздіксіз шығарылып регенераторға барады. Регенераторда
тағы да қайнау қабаты принципі бойынша катализатордағы қоспалар
өртенеді. Бұдан кейін катализатор жол-жөнекей шикізат ағысымен
араласып, қайтадан реакторға барады.
Мазутты атмосфера қысымы жағдайында айдауға болмайды,
өйткені жоғары температурада оның молекулалары ыдырай бас-
тайды. Бензинді қосымша алудың көзі де осы кұбылысқа жатады.
Егер көмірсутектердің ірі молекулалары қатты қыздырған кезде, ұқ-
сас молекулаларға ыдырайтын болса, онда осы жолмен бензин фрак-
циясына сəйкес келетін молекулалар алынады.
Достарыңызбен бөлісу: