Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет129/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
37-сурет.
Каталитикалық риформинг қондырғысының 
сызбанұсқасы.
1, 2, 3, 4 – риформинг реакторлары, 
5 – сепаратор, 6 – тұрақтандыру бағанасы.
Каталитикалық риформингте нафтен жəне парафин көмірсутек-
терінің изомерлену реакциялары жүреді. Алкилциклопентандардың 
алкилциклогександы көмірсутектеріне изомерлену процесі жүреді, 
мұнда тиісінше сақинаның үзілуі арқылы жүруі мүмкін. Сондықтан 


273
бұл реакция риформинг катализаторында түгел жүрмейді, ал оның 
талғамдығы көбінесе процесс жағдайына жəне катализатор түріне 
байланысты болады.
Каталитикалық риформинг процесінде қалыпты парафиндердің аз 
тармақталған изоалкандар түзілуімен изомерлену реакциясы жүреді, 
сондықтан бұл реакцияның катализатордың октан санын өсіруде 
рөлі аз. Реакция мынадай қосфункциялы катализаторға тəн жүйемен 
жүреді:
Нафтен жəне парафин көмірсутектердің риформинг катализатор-
ларындағы изомерленуі, карбоний иондар түзілу аралық сатылап 
жүреді. Бұл реакциялар катализатор қышқылдығының жəне тем-
ператураның өсуімен жылдамдайды. Бірақ плаформингтің əдеттегі 
жұмыс істеу температурасы термодинамикалық тепе-теңдікке күшті 
тарамдалған изопарафинді жəне алты мүшелі нафтен көмірсутектерін 
алуға қажетті температура емес. Қысымның изомеризациясы реак-
циясына əсері аз, ал гидрогенолиз жəне гидрокрекинг реакция 
ла-
рының жүруі қысымға байланысты.
Гидрогенолиз реакциясы металдық ортада жүреді деп есептеледі 
жəне бұларда парафин молекулалары көміртегі тізбегінің соңында 
орналасқан С-С байланыстарының үзілуі үлкен рөл атқарады жəне 
гидрогенолиз өнімдерінде метанның болуы байқалады. Гидрокре-
кингте метан өте аз мөлшерде түзіледі. Парафиндердің гидрокре-
кингке түсу жүйесін риформинг жағдайында беруге болады.
Изопарафинді көмірсутектерінің үшінші көміртекті атомның 
болуының нəтижесінде тиісінше қалыпты алкандарға қарағанда, 
гидрокрекингтенуі жеңіл жүреді.


274
Гидрокрекинг реакциясы катализатор қышқылдығының, тем-
ператураның жəне сутегінің меншікті қысымының өсуімен күшейеді. 
Гидрокрекингтің негізгі өнімдеріне С
3
, С
4
көмірсутектері жəне жоғары 
температурада қайнайтын парафин көмірсутектері жатады.
Нафтен көмірсутектері гидрокрекингке кемдеу дəрежеде түседі. 
Гидрогенолиз жəне гидрокрекинг реакциялары сутегі жұтылу арқылы 
жүреді жəне сутекті газ (СГ) құрамында сутегі концентрациясының 
азаюына əкеледі. Көмірсутектердің гидрокрекингімен жəне гидро-
генолизімен ароматты көмірсутектердің гидроалкилдену реак циясы 
ұқсас, тек сақинадан бөлінетін радикал мөлшерінде ғана айыр-
машылығы бар. 
Егер бөлінетін алкил тізбек ұзын болса, онда мұндай реакцияны 
гидрокрекинг реакциясы есебінде қарауға болады. Басқа шектік 
жағдай, ол метил тобының бөлінуі (диметилдеу) гидрогенолизге тəн 
реакция. 
Каталитикалық риформинг пен гидрокрекингтің кешенді 
процестерінің үш түрі белгілі. 
Бірінші түрінде каталитикалық риформинг шикізаты алдын ала 
гидротазалаудан өтеді жəне қайнайтын С
4
пен С
5
изопарафинді 
құрамдастар алу мақсатында жеңіл гидрокрекингке түседі. Гидро-
крекинг қалдығы 70-85% мөлшерінде екінші сатысына плат-
формингке октан санын жоғарылату үшін жіберіледі. Бұл сатыда 
катализатор есебінде цеолиті бар молибден мен никель оксидтерімен 
промоторланған катализаторды қолданады. 
Екінші сатысында – риформингтің көп металды катализаторы 
пайдаланылады. Риформинг сатысында алынған сутекті газ (СГ) 
алдын ала гидротазалау – гидрокрекинг бөліміне түседі. 
Цеолиттің кокстенуін болдырмау мақсатында СГ қайта айналу 
коэффициенті жəне қысымы риформинг бөлігіндегіге қарағанда 
жо ғары болуы керек. Одан басқа, көлемдік жылдамдық бірінші бө-
лікте 0,5 сағат аспау керек. Құрастырма процестің (изоформингтің) 
артықшылығы бензиннің октан санының жоғарылылығы жəне изо-
бутанның көптігі, кемістігі, бөліктің жұмыс істеу уақытының аздығы, 
дəлірек айтқанда оның крекингтеуші функциясының жеткіліксіздігі.
Процестерді құрастыруда риформинг процесін бірінші қойып, ал 
одан кейін ауыспай қалған төмен октанды н-парафин көмірсутектерін 
кіруші тесігінің диаметрі аз цеолитті катализаторда (реонитте) 
төменгі температурада (селектоформинг) талғамды гидрокрекинг 


275
процесі қойылады; жоғары октанды бензин алу үшін бұл нұсқа үлкен 
құндылық көрсете алмайды, себебі процесте октан санының тоннаға 
көбейтіндісі іс жүзінде тұрақты болып қалады. Авиация бензинін алу 
керек болған жағдайда, ондағы ароматты көмірсутектерінің мөлшері 
шектеулі болғандықтан, бұл нұсқа экономикалық жағынан өте құнды 
алкилатты үнемдеудің нəтижесінде тиімді болуда. 
Үшінші нұсқада біреуінде тағы да екі процесс біріктірілген: тура 
айдалған бензинді гидротазалау жəне каталитикалық риформинг-
теу. Соңғы процесте платина қалайы катализаторында платина мөл-
шері 0,4% орнына 0,2% қолданылған, ал гидротазалау катализаторы 
есебінде жоғары құмды цеолит жоғары силикатты модулімен (30-
70) жəне диаметрі аз (0,6) эллипсті цеолит (ZSM-5) пайдаланылады, 
төсегіш есебінде молибден мен никель қосындылары отырғызылған 
алюминий оксидін қолданады. Процесс 0,1-3,5 МПа қысымда
температура 500-550°С, көлемдік жылдамдық 1,0-1,5 сағ, сутегінің 
қатысуынсыз жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет