272
қайта құрылымы өте қиын жүретін реакция. Парафин көмірсутектерін
риформингтеу процесінде əуелі бес жəне алты мүшелі нафтендер тү-
зіледі, олар одан əрі ароматты көмірсутектерге айналады. Көміртегі
атомдарының түзілуші сақинадағы санына байланысты бұл реакция-
лар С
5
немесе С
6
дегидро-сақиналану тиісінше деген атқа ие болды.
Бес жəне алты мүшелі сақина түзілу парафин көмірсутектерін аромат-
тау процесінде, бастапқы көмірсутегінің құрылымына, катализатор
түріне жəне процесс жағдайына байланысты.
Парафинді көмірсутектерінің молекулалық массасы өсуімен
реакция жылдамдығы артады. Алкандардың ароматтану реакциясы
қосфункциялы катализатордың металдық жəне қышқылдық активті
орталардың қатысуымен жүреді жəне температураның өсуімен сутегі
парциалды қысымның азаюымен тездетіледі.
Гидрокрекинг жəне гидрогенолиз реакциялары конкурентті
реакциялар болып саналады. Процестің талғамдығы, катализатор қа-
сиетіне жəне жағдайына байланысты алшақ шекте өзгеруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: