264
Ионалмасу қасиеттері.
Цеолит катализаторының тұрақтылығына
ион алмасу процестері де əсер етеді.
Y типтес цеолиттерге жоғары
температуралық тұрақтылық тəн. Олар жоғары температураның
жəне су буының əсеріне өте төзімді келеді. Мұндай цеолиттер
ультратұрақты деп аталады. Ультратұрақты құрылымдардың бірлік
ұяшық мөлшілері 1,0-1,5% аз болады жəне бұл алюминий атом-
дарының
кристалдық тордан бөлініп, олардың катион есебінде
ион алмасуға қатысуымен болса керек. Ең жоғары эффект 30%, ол
алюминийді бөлгенде байқалады.
Цеолитті əрбір əрекеттеу сатысында, активті орталардың саны
мен сапасын бастапқы қалыпқа келтіру өте маңызды. HY типтес
цеолитте 500°С жоғары қыздыру нəтижесінде, ол
гидроксид топта-
рын алюминий атомдарымен байланысты жоғалуына əкеледі. Соның
нəтижесінде үш координацияланған алюминий түзіледі жəне су
бөлінеді.
Аморфты катализаторлар сияқты, мұндай өзгерістер катализатор
бетіндегі қышқылдық топтардың санын, бөлінуін жəне
табиғатын
реттеуге əкеледі. Цеолиттерді қыздырғанда бірінші кезекте ең күшті
қышқыл орталарының азаюы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: