Кристалдық торлар. Кристалдық торлардың типтері. Кристалдық тордың түйіндері Әрбір қатты денеге бөлшектерінің кеңістікте геометриялық дұрыс орналасуы – кристалдық құрылым тән. Кристалдық құрылымның әр қилы – қарапайымдарынан бастап өте ғажайып және күрделілері кездеседі.
Кристалды заттар
Белгілі балқу температурасы болады. Затты құрап тұрған бөлшектердің (атом, ион, молекула) белгілі бір ретпен орналасуымен сипатталады. Кристалдар – атомдары, иондары және молекулалары периодты түрде құрылым түзіп, реттілікпен орналасатын қатты денелер.
Кристалдық тор – кристалдағы атомдар, молекула немесе иондардың кеңістікте периодты түрде реттілікпен орналасуы. Заттың кристалдық күйі бөлшектердің ретпен орналасуына байланысты сипатталады.