Кристалдық торлар. Кристалдық торлардың типтері. Кристалдық тордың



бет2/3
Дата16.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#174633
1   2   3
Байланысты:
phptYwXIy Daulet

Бөлшектер арасындағы байланыс

Балқу температурасы

Байланыс беріктігі

Электр өткізгіштігі

Механикалық қасиеттері

молекулалық

молекула

молекулааралық

төмен

нашар

диэлектрлі

әлсіз

атомды-ковалентті

атом

ковалентті

жоғары

жоғары

диэлектрлі жартылай өткізгіш

өте жоғары қаттылық

атомды-металдық

атом

металдық

жоғары диапозонды бірлікте

жоғары

өткізгіш

қатты, пластикалық, иілімді

иондық

ион

иондық

жоғары

жоғары

диэлектрлі

қатты, сынғыш

Молекулалық кристалл тор
Йодтың кристалл торы
Мына суретте иодтың кристалдық құрылымы бейнеленген. Тор түйіндерінде иод I2 молекулалары орналасқан. Сондықтан тор молекулалық, ал
күйі – қатты заттың өзі молекулалық кристалл
деп аталады. Молекулалық кристалдың түйіндерінде полюссіз молекулалар (N2 , I2 т.б.) орналасады. Олар бір –бірін қалай ұстап тұрады?

Йодтың кристалл торы
Молекулалық кристалл торы бар күрделі заттар.
Мұндай құрылысы бар күрделі заттарды білесіңдер. Мысалы, мұз – кристалдық су, құрғақ мұз – кристалдық көмір қышқыл газы, сахароза. Мұндай заттардың кристалл тор түйіндерінде молекулалар орналасады.
Иондық кристалдар
Иондық кристалдар аттас зарядталған иондардың электростатикалық әсерінің нәтижесінде түзіледі. Кристалдың иондық моделі әрбір ионның максималды жағдайда аттас зарядталған иондармен қоршалуы нәтижесінде түзіледі. АВ құрамды кристалдар үшін иондық радиустың қатынасы иондардың координациялық санын құрайды. Иондық кристалдық торды тұздар және сілтілер түзеді. Иондық байланыстың беріктігіне байланысты иондық кристалл торлы заттардың балқу температурасы жоғары және қатты болады.
Кристалдық тордағы катион мен анионды қоршайтын аттас емес иондар саны координация саны (КС) деп аталады. Ең жиі кезедесетін КС саны 4 және 6, 8 және 12 сирек кездеседі. Олар нақты кристалды құрылыммен, яғни иондардың мөлшеріне байланысты иондардың торда түйінделу түріне қарай және басқа факторлармен анықталады. Ас тұзы кристалдарында Na+ үшін де және Cl- үшін де КС – 6.

Иондық радиустың қатынасы

Катионның координациялық
саны

Кристалдағы иондардың өзара байланысы

0,73

8:8

куб -кубтық

0,41-0,73

6:6

октаэдр - октаэдрлі

0,22-0,41

4:4

тетраэдр-тетраэдрлі

Иондық кристалл торы бар күрделі заттар.
Бұрын біз типтік металдық элемент – натрий Na және типтік бейметалдық элемент хлор Cl арасында иондық байланыс түзілетінін қарастырдық. Онда біз әр элементтің бір атомын алғанбыз. Енді бұл элементтердің атомдары көп болған жағдайды қарастырып көрейік. (Na+) - (Cl-) байланысы иондық мұнда жеке молекулалар жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет