Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет140/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   150
Байланысты:
munai
2, Шплор анатомия, МҰҢАЙМА, Ұйқы, срм психология
11.3. Газ тəріздес отынның қолданылуы
Газ тəріздес отындарды халық шаруашылығының түрлі сала-
ларында қолдану жыл өткен сайын кең өріс алып келеді. Ауыл 
шаруашылығында газ тəріздес отындар əлеуметтік қажеттілікте ғана 
емес, сол сияқты парниктерде, жылыжайды қыздыруға, кептіргіш 
құралдарда, мал шаруашылығында жəне құс кешендерінде қолданыс 
табуда. Соңғы жылдары іштен жану двигательдерінде газ тəріздес 
отындар кең қолданыла бастады. Себебі газ тəрізді отындардың басқа 
отындар түрлерінен төмендегідей өзіндік артықшылықтары бар: 
- есеп жүзінде анықталғандай, жануға жұмсалған ауаның 
мөл 
шерінде жылулық пайдалы əсер коэффициенті мен жану 
температурасы жоғары болады; 
- жанған кезде ыс, түтін жəне қажетсіз өнімдерді бөліп 
шығармайды; 
- газ құбырлары арқылы шалғай аралықтарға оңай жеткізуге 
болады;
- сыртқы ауаның кез келген температурасында оңай тұтанады; 
- өндірілуі жеңілдеу болғандықтан, бағасы арзан отындардың 
қатарына жатады;
- іштен жану двигательдерінде сұйытылған немесе сығылған газ 
күйінде қолданылады
- детонациялық төзімділік қасиеті өте жоғары болады; 


295
- жану кезінде конденсат түзілмейтіндіктен, двигатель деталь-
дарының үйкелістен тозуын едəуір төмендетеді. 
Сонымен қатар газ тəріздес отындардың бірқатар кемшіліктерін де 
атап өтуге болады:
- уландырғыш қасиеті;
- ауамен араласқанда қопарылғыш қоспалар түзуі;
- газ құбырларының тығыз жалғанбаған жерлеріндегі аздаған 
саңылаулардан сыртқа оңай шығып кетеді. 
Газ
 тəрізді отындардың іштен жану двигательдерінде қол-
данылуы. 
Іштен жану двигательдерінде табиғи газдармен қатар 
қолдан өндірілген жанғыш газдарды да пайдаланады. Тұрақты қон-
дырғыларға газды газ баллонынан ғана емес, газ құбырларынан да 
алуға болады, ал жылжымалы, яғни автотрактор техникасы тек қана 
баллонмен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар газ тəріздес отындар физикалық қасиеттеріне 
байланысты сығылған жəне сұйытылған болып екі түрге бөлінеді. 
Кейбір газдар қалыпты температурада жоғары қысымды тем-
пературада да қысымның күшімен сұйық күйге айналмайды. Мысалы, 
метан – 82
o
С-ға газ күйінде қалады. Тек температурасы – 82°С-дан 
төмендеп, біраз қысым берілген кезде ғана сұйық күйге айнала 
бастайды. Ал атмосфералық қалыпты жағдайда метан – 161°С-да 
сұйық күйге айналады. Сұйыққа айналу температурасы қолдану 
температурасынан төмен болатын газдардың түрлерін 20 МПа 
қысымға дейін сығылған күйінде қолданады. 
Сұйыққа айналу температурасы қолдану температурасынан 
жоғары болатын газдарды 
сұйытылған газдар
деп атайды. Бұндай 
газдар ыдысқа 1,5-2 МПа қысыммен толтырылады. 
Қазіргі кезде сығылған жəне сұйылтылған газдар автокөліктің 
отыны ретінде көптеп қолданыс табуда.
Сұйылтылған газдар
қысымы 1,0-1,5 МПа мөлшерінде сұйық 
күйге алмасатын сұйық заттар. Олардың құрамы негізінен 3-4 атомды 
көміртектен тұратын пропан – бутан көмірсутектерінен тұрады. 
Автомобильде қолданылатын бұл газдардың жану жылулығы 
46055 кДж/м
3
мөлшерінде, ал октандық саны 85-100 бірлік аралы-
ғында. Көп жылғы байқаулардың нəтижесінде, сұйытылған газбен 
істеген двигательде мотор майының түрлі қоспалармен ластануының 
азайғаны анықталған. 


296
Негізінде автомобильдер үшін жоғары калориялы сұйытылған, кей 
жағдайда сығылған газдар қолданылады. Себебі, төменгі калориялы 
газдарды қолданған жағдайда двигательдер өзіне қажетті қуатты 
өндіре алмайды. Осыған орай жүретін жол қашықтығы қысқарады, 
яғни жүру мүмкіншілігі шектеледі. Баллондарды сұйытылған газбен 
90%-дан жоғары толтыруға рұқсат етілмейді. Себебі сыртқы ауаның 
температурасының жоғарылуына байланысты, ішкі газдың көлемдік 
ұлғаюы есепке алынады. 1,6 МПа қысыммен толтырылған баллонның 
массасы 65 кг аспауы керек.
Сығылған газдардың қолданылуы.
Газдардың сығылған күйде 
қолданылуы, олардың қалыпты жағдайда (20°С, 101,08 КПа) сұйық 
түрге айналмауына негізделген. 
Газдардың негізгі жану құрамдастарына метан кіреді. Мұнымен 
қатар көп мөлшерде кездесетін сутегінің мөлшері газ тəріздес отын-
ның цилиндрде толық жануын қамтамасыз етеді. Оның себептерінің 
бірі газ тəрізді отындар жанармайдай кіреберіс құбырда буланбайды, 
сондықтан əрбір цилиндрге бірдей мөлшерде тарайды. Сонымен 
қатар, двигательдер газбен жұмыс істеген жағдайда, бензиндегідей 
байытылған, жанғыш қоспаны қолдану қажет емес. Осыған бай-
ланысты зиянды бөліп шығатын газдардың мөлшері төмендейді: 
мысалы, көміртегі оксиді 2-3 есе, азот оксиді 1,2-2 есе, көміртегі 
1,1-1,4 есе, автомобильдерге арналған газдарда цианның (СN) болуы 
өте қауіпті. Себебі сумен байланысып, синил қышқылын түзеді, осы 
түзілген заттың əсерінен баллон қабырғаларында ұсақ шытынаған 
дақтар пайда болады. 
Газдарда шайырлы заттар мен механикалық қоспалар болған-
дықтан, газ аппаратурасы аспаптары мен двигатель детальдарында 
кірлер мен қалдық заттар пайда болады. 
Сығылған газдар үшін автомобильдерде 20 МПа қысымға арналған 
цилиндр баллондарын қолданады. Бұл баллонның сыйымдылығы 50 
л (сумен есептегенде) ғана болса да, 20°С-дағы 101,08 КПа қысымда 
10 м
3
газ сияды. 
Осы аталған жетістіктерімен қатар газды автомобиль дви-
гательдерінде қолданғанда мынадай кемшіліктерді көруге болады:


297
- автомобилдердің пайдалы жүк көтеруі 12-20% төмендейді;
- жол жүру ұзақтығы шамамен 200 км-ге дейін қысқарады; 
- ауа-газ қоспаларының жану жылулығының төмендеу салдарынан 
біраз мөлшерде двигательдің қуаты азаяды.
Бұл кемістектерді жою двигательдердегі қысым мөлшерін 23-25%-
ке көтеру арқылы жүзеге асырылады. 
Іштен жану двигательдері сұйытылған газбен жұмыс істеген кезде 
қуаты сығылған газбен жұмыс істегеннен əлдеқайда жоғары болады. 
Сұйылтылған газбен істеген кездегі двигательдің жоғалтқан қуатын 
оның жұмыс істеу қысымын жоғарылату арқылы толықтырады.
Карбюраторлы двигатель сұйылтылған газбен жұмыс істеген кезде 
оның отындағы үлестік жұмсалуы 5-6%-ға төмендейді. Автомобиль 
газ баллондары арнайы станцияларда толтырылады. 
ҚТПБҚ – қысқы техникалық пропанды-бутан қоспасы. Негізгі 
шығарылу мақсаты – коммуналдық тұрмыс қажетіне қолдану.
ЖТПБҚ – жазғы техникалық пропанды-бутан қоспасы. Шығарылу 
мақсаты коммуналдық-тұрмыс қажеттілігімен қатар басқа да 
жағдайларда қолдануға арналған. 
ТБ – техникалық бутан, негізінен коммуналдық-тұрмыстық қажет-
тігімен қатар басқа да мақсатта қолдануға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет