11.5. ҚР мұнай-газ өңдеу саласындағы туындап отырған
экологиялық жағдайлар
Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай-газ өндіру
– Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қайнар көзі.
Соңғы 40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп
отыр. 2025-2050 жылдары аралығында халық саны өсу болжамына
қарасақ, энергия пайдалану, ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін.
Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы тарихында əлемдік қордың
1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10 жыл ішінде
өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек,
онда мұнай өндіру 2010-2020 жылдар аралығында, ал газ өндіру
2030-2040 жылдар аралығында өзінің шарықтау шегіне жетпек.
Мұнай өнеркəсібінің дамуы мұнай қалдықтарының артуы
мен қоршаған ортаны ластаумен бірге жүреді. Егер мұнай өңдеу
зауыттары мұнай өңдеу өндірісінде ескі технологияларды, мерзімі
біткен қондырғыларды, мұнай өндірісінің сапалы болуына теріс
əсер тигізетін іс-шараларды қолданса, бұл қоршаған ортаға зор
зиянын тигізеді. Қоршаған ортаны мұнай мен мұнай қалдықтарымен
ластау көзі – мұнай өңдеу зауыттары мұнай өңдеу өндірісінде
ескі технологияларды, мерзімі біткен қондырғыларды, мұнай
өндімдерінің қоймалары, мұнай сапасын анықтайтын зертханалар
жəне т.б. есептеледі. Мұнай мен газды отын ретінде қолдану – ең
қауіпті саналады. Себебі, бұл өнімдер жанған уақытта көмірқышқыл
газы, əртүрлі күкіртті қосылыстар, азот оксиді жəне т.б. бөлінеді.
Оттегінің азаюы жəне көмірқышқыл газының мөлшерінің өсуі ауа-
ның өзгеруіне əсерін тигізеді. Көміртек диоксидінің молекулалары
күнді қысқатолқынды сəулеленуінің Жердің атмосферасы арқылы
өтуге мүмкіншілік береді де, жердің бетімен жіберілетін инфрақызыл
сəулелендіруді тоқтатады.
Қазақстан мұнай кен орындары Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақ-
стан облыстарында орналасқан. Бұл аумақтарды мұнай өнеркəсібінен
зиян тартатын аймақтарға жатқызады. Бұл жерлердің ауа бассейні екі
түрлі жолмен (табиғи жəне антропогендік) ластанады. Күшті шаңды
борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң жə не
тұз түйіршіктері мен тозаңдарының жойылуын тұрақты етеді.
302
Қазіргі кезде мұнайдан жəне көмірсутектерден көптеген хи-
миялық заттар алынады. Онымен өндірістің арнаулы саласы мұ-
най-химия өнеркəсібі айналысады. Мұнай өндіру жəне оны өңдеу
ауқымының барған сайын кеңейіп бара жатуына байланысты ай-
наладағы ортаны мұнай өнімдері қалдықтарынан қорғаудың да
маңызы арта түсуде.
Қоршаған ортаны ластау себептері əртүрлі болады. Антропо-
гендік ластану өнеркəсіп пен көлік тасымалына байланысты. Мұнай-
ды теңіз кемелерімен жəне басқа да көлік түрлерімен тасу кезінде
оның ағып төгілуі, мұнай өнімдерінің өндірістің ағын суларымен ара-
ласып, су қоймаларын, т.б. ластауы. Төгілген мұнай өнімдері судың
бетіне жұқа жайылып, қақ сияқты тұрады, судың атмосферамен газ
алмасуын бүлдіреді де, судағы жануарлар мен өсімдіктер қалыпты
тіршілік ете алмайды.
Өнеркəсіптік энергия қондырғыларда, жылу электрстанция-
ларында, автомобиль көлігінде, мұнай өнімдерін жағу салдарынан
ауа бассейнінің зиянды заттармен ластануы қауіптірек болады. Əр
автомобиль 1 км-ге орта есеппен 40 г зиянды заттар қалдырады, ал
жалпы есептеу бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан
асып түседі. Мұнай өнімдерінде кездесетін күкіртті жəне азотты зат-
тар жану кезінде күкірт оксидін түзеді, ондай оксидтер аппаратура-
ны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып, ауа ағысымен
таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады. Соңғы
жылдары минералды шикізатты өндіру қарқыны бұдан 100 жыл
бұрынғы мөлшерінен асып түсті. Мұның өзі көптеген региондардың
экологиялық жағдайының нашарлауына əкелді.
Қандай мұнай болса да қоршаған ортаның кез келген құ-
рамдасында шашылып-төгілген жағдайда, оны бүлдіретіні бел-
гілі, ал ол парафинді мұнай болса, онда оның табиғатты бүлдіру
əсері əлдеқайда күштірек болады десек қателеспейміз. Олай
дейтініміз, па рафинді мұнаймен ластанған топырақта, ең алдымен
оның құ рамындағы органикалық заттардың мөлшері күрт азайып,
са
пасы өзгереді. Бұл қарапайым ғана ізсіз аяқталатын процесс
емес, өйткені одан сыртқы факторлар өзгеріске ұшырап, олар
өз кезегінде топырақтағы өте күрделі жүйені құрайтын жануар-
303
өсім дік-микроағзалардың арасындағы табиғи қалыптасқан арақа-
тынастардың бұзылуына тікелей себепкер болады.
Мұның өзі табиғи биоценоздың жеке тізбектері терең өзгеріске
түсіп, топырақтағы тірі ағзалардың саны мен құрамы өзгереді, соған
сəйкес жаңа экологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалында дамыған топырақ-
тағы тірі организмдердің қауымдастығы тұрақты қауымдастық бола
алмайды. Ондағы организмдердің саны аз, түрі жұтаң болатыны
содан. Парафинді мұнай төгілген топырақ өзінің ешбір басқа табиғи
денеде қайталанбайтын ерекше қасиеті – құнарлығынан айырылады.
Топырақ көп фазалы арасы қуыс табиғи дене болғандықтан, сол
қуыстар парафинмен бітеліп, ондағы судың жəне ауаның жылжуы
мүлде тоқтайды. Нəтижесінде топырақ биологиялық белсенділігінен
айрылып, өлі абиотикалық ортаға айналады, демек мəдени өсім-
діктер мен жабайы шөптер өспейді, жер шаруашылық айналымы нан
шығып қалады. Бұл əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық
жағдайды қиындатып жіберетін аса ауыр шығын əкеледі. Қазіргі
қалыптасқан жағдайда ғаламдық экономика, мысалы, Қазақстан
үшін интеграцияланған экономикаға қатысуға қажетті «мүшелік
жарна» қандай болуы керектігін айқындап қойған. Бұл халықаралық
ірі компаниялардың алдынан біздің еліміздің табиғи ресурстарына,
негізінен, көмірсутегі энергия қуаттары мен түсті металдарына қарай
жол ашқан еді.
Сондықтан тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ эконо-
микамыздың, дəлірек айтқанда, мұнай-газ секторының дамуына біздің
мемлекеттің ерекше назар аударуы аса таңданарлық жай емес еді.
Өйткені біз үшін мұнай мен газ – бұл тек отын энергетикалық жəне
стратегиялық ресурс қана емес. Бұл – біз үшін транзиттік кезеңнің
күрделілігін түзеуге жəне Кеңес Одағындағы бірыңғай интеграциялық
кеңістіктің тарауынан болған шығындардың орнын толтыруға тезірек
көмектесетін алғашқы негіз.
Отын-энергетика кешенінің өндірістері соның ішінде химия, мұ-
най өңдеу жəне мұнай-химия өндірістері, сонымен қатар автомобиль
көлігі қазіргі кезден табиғатты: ауаны, жерді, су қоймаларын жəне
теңіздерді ластаушы көздердің ең ірілерінің қатарына жатады.
304
Қоршаған ортаға тигізетін əсеріне байланысты ластаушыларды
химиялық, механикалық, жылулық, биологиялық, акустикалық,
агрегаттық; ал агрегаттық күйіне байланысты оларды сұйық жəне
қатты деп бөледі: шығу тегіне қарай табиғи жəне антропогенді деп
бөледі.
Бұл құбылыстардың алдын алу үшін əртүрлі қауіпсіздік шара-
ларын жасайды. Мұнай өндейтін зауыттар жанынан тазартушы
құрылғылар салады, көлге, суқоймаларына қосылған мұнай өнімдері
мен т.б. органикалық қосылыстарды микроорганизмдер көмегімен
жояды.
Қазіргі уақытта экологиялық мəселелерді шешу үшін:
- Қазақстан нарығындағы автомобиль отынының сапасын жақ-
сарту;
- Мұнай шламын қайта өңдеу;
- Мұнай резервуарларын тазарту;
- Құрамында мұнайы бар эмульсияны қайта өңдеу;
- Сүзгілеу жəне сепарациялау;
- Мұнай ұңғымаларындағы су ағыстарын біршама оқшаулау;
- Жолдардың сапасын жақсарту бағыттарында жұмыс істеу қа жет.
Жаңа озық технологияларды ендіру, құрал-жабдықты диаг-
ностикалау, өндірістік үдерістерді автоматтандыру деңгейін арттыру,
өндіріс көлемін дамыта отырып, уытты шығарындылардың, ластауыш
заттардың қалдықтарының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау
жəне экологиялық қауіпсіздік бойынша заңнаманың жəне табиғатты
пайдалану саласындағы халықаралық стандарттар мен ережелердің
барлық талаптарын орындау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге
асыру – мұнай өнеркəсібінің экологиялық мəселелерімен айналысатын
ғалымдардың басты міндеті.
Қазіргі уақытта бірінші кезекте тарихи сипаттағы мұнаймен
ластануларды жою жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 2010 жылы
ластанған топырақтар мен мұнай шламдарын өңдеуге 2,2 млрд.
теңгеден астам қаражат бөлінді. Жерді мазуттан тазалау жəне
техникалық қалпына келтіру, мазутталған жерді өңдеу, оның ішінде
биологиялық əдістермен өңдеу, технологиялық мұнай амбарларын
жою жөніндегі жұмыстар жұргізілді.
305
Негізгі еншілес компаниялардың атмосфераға тасталымдарының
көлемі 2010 жылы 28067 тоннаға немесе 21,7% төмендетілді. 2010
жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының барлық негізгі
еншілес ұйымдары бойынша ағынды суларды тастау көлемінің азаюы
байқалды. Ағынды суларды биологиялық тазалау қондырғысын
пайдалануға беру нəтижесінде ластаушы заттардың құрамы
айтарлықтай қысқарды. Ағынды сулардағы мұнай өнімдерінің құрамы
– 90%, фенол құрамы – 92% азайды.
306
Достарыңызбен бөлісу: |