Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет25/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

47
5-сурет
Сперматогенез жəне оогенез
Сперматогенезде өткен фазалар, негізінде оогенезде де жүреді, 
бірақ біршама өзгешеліктері болады. Мысалы, І сперматоциттен 
айырмашылығы І ооциттің өсу стадиясы айқын көрінеді. І ооциттің 
көлемдері екі жасушаға бірдей емес: бір үлкен (екінші ооцит) – ке-
лешек жұмыртқа жасушаға жəне бір кіші – бірінші редукциялық не-
месе полярлы денешікке бөлінеді.
Бұл бөлінуде хромосомалар санының редукциясы жүреді, 
жəне түзілген екі ооцитте де гаплоидты жиынтық болады. Сонан 
соң екінші бөліну жүреді: нəтижесінде іріректеу жұмыртқа жасу-
шасы жəне екінші редукциялық денешік пайда болады. Бірінші 
редукциялық денешік те екі жасушаға бөлінеді. Оогенез нəтижесінде 
бірінші ооциттен жетілген бір жұмыртқа жасушасы жəне аналық 
гаметалардың функциясын атқаруға жарамсыз үш редукциялық 
денешіктер пайда болады да, соңында олар өліп қалады. Соны-
мен, аталған өзгешеліктерге қарамастан сперматогенез бен оогенез 
үдерістерінде өте ұқсастықтар байқалады. Бұлардың ең бастысы 
хромосомалар санының екі есе кемуі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің мейозы үдерісі кезінде пайда 
болатын аталық жəне аналық жыныс жасушаларын 
микроспоралар
 
жəне 
мегаспоролар
 деп атайды. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер-


48
дегі тозаң түтігі, сол сияқты тұқым бүрінің ұрық қалтасы жыныс 
жасушалары емес, қатты редукцияға ұшыраған 
гаметофит
 болып 
табылады. Жануарлардағы жыныс жасушаларына өсімдіктердің 
ұрық қалтасындағы жұмыртқа жасушасы жəне тозаң түтігіндегі 
генеративтік
 ядро сəйкес келеді. Бұл жағдайда хромосомалардың 
редукциясы тұқым бүріндегі аналық гаметофиттердің жəне тозаң-
дықтағы аталық гаметофиттердің пайда болуы кезінде өтеді.
Сонымен гаметофиттік ұрпақ гаплоидты болып шығады. 
Нəтижесінде өсімдіктердің жыныс жасушаларында хромо 
со 
ма-
лардың тек жартысы ғана, яғни гаплоидты жиынтығы болады. 
Ұрықтану үдерісінде гаметалардың қосылуынан зигота түзіледі де, 
ол бөлшектеніп одан əрі қарай дамиды.
Өсімдіктер мен жануарлардың жынысты жəне жыныссыз көбею 
үдерісі кезінде жасушаның бөлінуі, жыныс жасушаларының дамуы 
жəне ұрықтануы ұрпақтар арасындағы материалдық жалғастықты 
қамтамасыз етеді.
Ұрықтану
 – аналық жəне аталық гаметалардың гаплоидты хро-
мосомалар жиынтығының қосылу үрдісі. Екі гаметаның ядролары 
пронуклеуске: сперматазоидтар – аталық, аналық жұмыртқаның 
ядросы – аналық пронуклеуске айналады. Пронуклеустердің 
қосылуы 
кариогамия
 деп аталады. Бұл кезде хромосоманң диплоид-
ты саны қалпына келеді, ал ұрықтаған жұмыртқа 
зигота
 деп атала-
ды. Бұдан кейін ағзаның жеке дамуы немесе 
онтогенез
 басталады. 
Біржасушалы зиготаның ары қарай дамып, көпжасушалы ұрыққа, 
одан соң ересек ағзаға айналуы митоз бен мейоздың нəтижесінде 
іске асады. Жыныстық жолмен көбейетін ағзалардың тіршілік айна-
лымы ұрпақтан-ұрпаққа осылайша қайталана береді. 
Ұрықтану негізіне жынысты көбею жəне ата-анасынан ұрпағына 
тұқым қуалайтын белгілердің берілуі жатады. Ұрықтану көптеген 
өсімдіктерге де тəн. Оның іске асуына ең алдымен гаметалар да-
митын жыныс мүшелерінің түзілуі (гаметангий) əсер етеді. Кейде 
бұл үрдісті жыныс үрдісі деп біріктіріп қарайды. Ұрықтану бакте-
рияларда, көк жасыл балдырларда жəне саңырауқұлақтарда болмай-
ды. Төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныс үрдісі əр алуан. Кейбір 
жасыл балдырларда ұрықтану гамета түзбей-ақ, екі бір ағзалардың 
қосылуы нəтижесінде жүзеге асады, оны 
гологамия
 деп атайды. 
Пішіні мен көлемі бірдей талшығы бар гаметалардың қосылуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет