Оқулық Алматы, 013 Әож 911. (075. 8) Кбж 26. 82 я 73 м қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет38/89
Дата14.12.2021
өлшемі3,12 Mb.
#127005
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89
Байланысты:
mustafaev-landshafttar
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, УМК Механика 1 курс 2021, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
3.1.3 Қазақ қалқанының ұсақ шоқылары  
және қыратты жазықтары 
 
Қазақ  қалқанының  ұсақ  шоқыларының  және  қыратты 
жазықтарының  қазіргі  заманғы  ландшафттық  құрылымында 
олардың  тек  ендік  белдемдігі  ғана  емес,  олардың  биіктік 
бойынша  бөлінуі  де  анық  көрінеді.  Мұнда  жонды,  қырқалы, 
төбелі, конус тұрпатты ұсақ шоқылы денудациялық жазықтардың 
құрғақ  далалық  ландшафттары  басым.  Солтүстікте,  Көкшетау 
қыратының  шегінде  жонды  төбелі  денудациялық  жазықтардың 
ландшафттары  және  ұсақ  шоқылы  орманды  далалық  кешендер 
басым. Мысалы, Жыланды және Аршалы өзендерінің аралығында 
карбонатты  қара  топырағы  мен  шалғындық-қара  топырағында 
әртүрлі  шөптері,  қызыл  селеулі  өсімдіктері  бар  құмтастардан, 
тақтатастардан,  құмайттастардан,  әктастардан,  граниттерден 
құралған  жонды  денудациялық  жазықтардың  ландшафттары 
орналасқан.  Төбелі  ұсақ  шоқылардың  шегіндегі  граниттерде 
ормандық  сұр  топырағында  қарағайлы-қайыңды,  шөпті 
ормандары бар орманды далалық ландшафттар қалыптасқан. 
Ұсақ 
шоқылар 
ландшафттық 
құрылымының 
бытыраңқылығымен және құрғақтығымен ерекшеленеді. Балхаш-
Ертіс  су  айрығының  аласа  тауларында  және  денудациялық 
жазықтарында  ұзақ  даму  кезеңінде  ландшафттардың  қуаң 
далалық,  далалық,  ормандық  тұрпаттары  қалыптасты.  Ол 
құрылымдар  Шерубай-Нұра,  Нұра,  Жарлы,  Талды,  Тағай-делі*, 
Тоқырау,  Сарысу  өзендерінің  бастауларындағы  келесі  
ландшафттардан барынша анық көрінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет