Гюнтер Грасс 1927 жылы туылған. Ол «Қаңылтыр барабан» (1959), «Мысық пен тышқан» (1961), «Жергілікт наркоздың күшімен» (1969), «Кең дала» (1995) атты сатиралық шығармалардың авторы ретінде танымал.
Грасстың да өмірі өз замандастары секілді қарапайым өтеді. Католиктік отбасынан шыққан жазушы жасөапірім шағында соғысқа қатысуға мәжбүр болады. Он жеті жасында соғыстың аяғына қарай қатты жараланып, ағылшындардың қолына тұтқынға түседі. Кеніште жұмыс атқарып, кейін Дюссельдорфтағы өнер академиясына түседі.
Оның шығармашылығы «Қаңылтыр барабан» атты романынан соң өрлей бастайды. Романдағы оқиғалар толығымен XX ғасырдың 1-ші жартысын қамтиды: Бірінші дүниежүзілік соғыс, жеңіліс, инфляция, фашизм, қайта соғыс және қайтадан құлдырау. «Қаңылтыр барабан» романындағы, одан кейінгі жылдары жырық көрген «Мысық-тышқан» повесі мен «Ит жылы» романындағы оқиғалар Данциг маңындағы жерде өрбиді. Гюнтер Грасс өзінің балалық шағы өткен қала мен поляк, неміс, еврей сияқты сол жердің тұрғындары жайлы естеліктер жазған.
1983 жылы Гюнтер Грасстың «Тельгтегі кездесу» атты шағын повесі жарық көреді. Онда 1648 жылы болған оқиға баяндалып, соғыстан кейінгі неміс әдебиетінің қайта қалпына келуін және жазушының әдебиетке келуіне үлкен ықпал еткен «47 Топ» туралы естеліктер жазылған. 1999 жылы Гюнтер Грасс Нобель сыйлығының лауреаты аталады. Осыған дейін оның «Кең дала» романы жарыққа шыққан болатын.
Жаңа ғасырға қадам басқан Г.Грасс «Менің ғасырым» атты тарихи эскиздер мен новеллалардың топтамасын шығарады. Әрбір сюжет немістер мәңгі есте қалатын оқиғалар орын алған күнмен белгіленген: Бірінші дүниежүзілік соғыс, инфляция, фюрердің үкіметке келуі, 1936 жылығы Олимпиада, 1938 жылғы «хрусталь түні» және т.б. Грасс сол дәуірде болған бірде-бір оқиғаны ұмыт қалдырмайды: Сталинградтағы жеңіліс, Берлин қабырғасының тұрғызылуы мен оның құлауы, панктардың поп-фестивалі және т.б. Шығармада Ремарк пен Юнгердің, Брехт пен Беннің арасындағы пікір таластар да келтіріледі. Онда спортшылар мен актерлер сияқты танымал адамдар туралы да айтылады. Қарапайым неміс Г.Грасс қайда жүрсе де, тарихтан құтыла алмайды. Тарих ешқашан өлмейді, ол ғасырлардан ғасырларға ұласып, өз жалғасын таба бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |