Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар
Хинди тіліндегі жаңапоэзияның кезеңдеріне тоқталыңыз.
Жаңа заманғы хинди романдарының өркендеуіне үлес қосқан тұлғалар.
Үнді әдебиетіндегі постмодернизмнің көрінуі мен ерекшеліктері.
Ағылшын тіліндегі үнді әдебиетіндегі шығармалардың тақырыбы, сипаттамасы.
«Жаңа әңгіме» бағытындағы үнді жазушыларының шығармаларына тоқталыңыз.
Корея әдебиеті
Корей әдебиеті дамуының жаңа дәуірі түрлі әдеби ағымдар мен құрал-тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі шығармалардың мазмұны тереңдей түсіп, авторлар өз шығармаларында адамның өмірлік мақсаты туралы ой-толғаулар келтіріп, өздерінің дүниетанымы мен көзқарастары арқылы түрлі жағдаяттарға тап болған адамдардың жандүниесі мен қайғы-қасіреттерін шебер көрсетуге ұмтылады. Корей әдебиетінің дамуына корей жерінде таралған түрлі діндер мен шығыс философиясының тигізген ықпалын ескеру қажет.
Корей әдебиеті тарихында жаңа заман кезеңін анақтауда түрлі пікірлер айтылады. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірі бойынша кэха дәуірінен бастап корей әдебиетінің жаңа кезеңі қалыптасып, 1910-1920 жылдар аралығында бұл құбылыс айқын көріне бастайды. Осылайша қазіргі замандағы корей әдебиеті 1908 жылдан, яғни Че Нам Сонның «Теңіздің жас жігітіне» атты өлеңі жарыққа шыққан кезден бастау алады. Корей жазушылары Че Нам Сон мен И Кванг Судың әдеби шығармалары қазіргі корей әдебиетінің бастауы болды деген ортақ пікір мен тұжырымдар да кезедеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |