Еврипид (б.з.д. 484-406 ж.). Еврипид – атақты көне грек драматургы. Ол драматургияның трагедия жанрын қалыптастырған үш драматургтың бірі болып табылады. Эсхил трагедияға екінші кейіпкері енгізсе, Софокл диалогтардың көлемін үлкейтіп, үшінші кейіпкерді енгізді. Ал Еврипид болса, трагедияның қарама-қайшылық туғызған мәселелерін және кейіпкерлердің мінез-құлқын толығымен қарастырды.
Еврипидтің жаңалықтары (реалистік ойлар) көрермендерге түсініксіз болып қалатын. Б.з.д. 405 ж., Еврипид дүниеден өткеннен кейін Афиныда Аристофанның Еврипид шығармаларының идеялық негізін және бейнелеу құралдарын қатты сынға алған «Бақалар» атты комедиясы елге әйгілі бола бастайды. Аристофан Еврипид драматургиясы мен Эсхил шығармаларын салыстыра отырып: «Егер Эсхил трагедиялары адамдарды тәрбиелесе, Еврипид шығармалары оларды «бұзады»« дейді. Еврипид көзі тірісінде атақты шығармалары толығымен драматургиялық қағидаларға сай болған. Софокл мен Эсхилдің танымалдылығымен қатар тұра алмайды. Көпшілік Еврипид шығармашылығын ол дүниеден өткеннен кейін ғана шыңдап бағалай бастайды. Б.з.д. Ү ғасырда Рим Империясы құлағанға дейін Еврипид антикалық дәуірдің ең атақты және танымал драматургы болып саналады. Оның шығармалары антикалық тұрмыс комедияларының қалыптасуына, Рим трагедияларының құрылымына орасан зор ықпал етті.
Еврипид 18 жасынан бастап трагедиялар жазумен айналыса бастады деген деректер бар. Еврипидтің өзі сахнада ойын көрсетпеген және шығармаларына әуенді арнайы музыканттарға тапсырысқа беріп отырған. Еврипидтің 17 трагедиясы жеткен.
Еврипидтің сақталған барлық пьесалары көне Эллада өмірінің барлық аспектілеріне үлкен әсерін тигізген Афины мен Спарта арасындағы Пелопенес соғысы (б.з.д. 431-404 ж.) кезінде жазылған. Еврипид шығармаларының бірінші ерекшелігі - сол заман қажеттілігі: ерлік-батырлық сарыны. Спартаға деген дұшпандық қарым-қатынас, антикалық құлиеленушілік демократияның дағдарысы, материалдық философияның карқынды дамуымен байланысты діни сананың бірінші дағдарысы және т.б. Сонымен қатар, әсіресе, Еврипидтің аңызға деген қарым-қатынасын айтуға болады. Аңыз драматург үшін күнделікті өмірді бейнелейтін құрал болып табылады, ол классикалык аңыздың тек қосалқы бөлшектерін ғана өзгертпейді, сондай-ақ танымал сюжеттердің тиімді түсіндірмелерін берген. Еврипидте адамдарға қарағанда (Ипполит, Геракл т.б) құдайлар кекшіл, қатал, зұлым болып келеді.
Еврипидтің басты жаңалығы – адамдардың мінез-құлқын бейнелеу. Бұл оған деген замандастарының қарсылығын туғызады. «Адамдар қандай болу керек» деген драматург көзқарасымен, Эсхилде титандар, Софоклда идеал кейіпкерлер болды. Ал Аристотель «Поэтикасында» Еврипид адамдар өмірінде қандай болса, сахнаға да дәл сондай қылып шығарды деген. Еврипидтің басты кейіпкерлері, әсіресе, басты рөлдегі әйелдер толық образға ие бола алмайды, олардың мінездері қиын әрі қарама-қайшылығы көп, ал сезімдері, құмарлықтары, ойлары бір-бірімен тығыз байланысады. Еврипид трагедиялық образ мінездерін көпқырлылықпен өрнектеді, көрермендерді қобалжудан қорқынышқа дейінгі қиын сезім иірімдеріне батырып, қатты толқытты. Мысалы, бір ғана тақырыптағы Медеяның адам төзгісіз азаптары оны қанішер жауыздыққа итермелейді, сондықтан туған балаларын өлтірсе де, Медея өкініш сезімін бастан кешпейді.
Орта ғасырларда Еврипид шығармашылығы басқа да антика өнерлері сияқты ұмыт қалады. Оның драматургиясына деген жаңа қызығушылық толқыны Қайта өрлеу дәуірінен пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |