Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет39/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Качинскийдің классификациясы


Топырақ түйіршіктерінің
диаметрі, мм

Механикалық
фракциясы

Фракциялар тобы

0,0001

коллоидтар




0,0001-0,0005

жұқа тұнба




0,0005-0,001

қалың тұнба

физикалық саз

0,001-0,005

майда шаң




0,005-0,01

орташа шаң




0,01-0,05

ірі шаң




0,05-0,25

майда құм




0,25-0,05

орташа құм

физикалық құм

0,50-1,00

ірі құм




1,00-3,00

шағал




3,00-10,00

тас бөлшектер

топырақтың тас бөлігі

10,00

тастар




Осы ғалымның зерттеуіне сəйкес топырақтар өзінің механикалық құрамына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.


Тастар, тас бөлшектері, шағал, тау жыныстарының сынықтары болғандықтан оның құрылымын, қасиеттерін сақтайды, олар топырақтың физикалық қасиеттеріне əсер етеді.
Құм – (түйіршіктердің диаметрі 1-0,05 мм) топырақтың аз жыл- житын бөлігі. Ол негізінен кристалды кремний қышқылдарынан құрылады, кейбір жағдайда слюда пластинкалары мен басқа минералдардың сынықтарынан құралады. Химиялық реакцияларға қатыспайды десе де болады, өсімдіктер үшін қоректік зат емес, бірақ топырақтың физикалық қасиеттеріне əсерін тигізеді. Құм-силикаты тау жыныстарының механикалық үгітілуінің нəтижесінде пайда бо- лады.
Шаң – (түйіршіктердің диаметрі 0,05-0,001мм) тұрақты кристал- ды жəне аморфты кремний қышқылдарынан тұрады. Шаң фрак- циясы салыстырмалы түрде алғанда топырақтың инертті бөлігі. Химиялық жəне физикалық процестер бұл фракцияда нашар жүреді.
Тұнба – (түйіршіктердің диаметрі <0,001 мм) – бұл топырақтың ең белсенді жəне жылжымалы сазды бөлшегі. Тұнба құрамына минералдық жəне аз мөлшерде органикалық заттар кіреді. Бұл
фракцияның түйіршіктері бір-бірімен жақсы байланыста болады, серпімді келеді.
Топырақтың механикалық құрамы Н. А. Качинскийдің класси- фикациясы бойынша анықталады. Бұл классификацияның негізі топырақ түйіршіктерін физикалық саз (түйіршіктері <0,01) жəне физикалық құм (түйіршіктері >0,01мм) деп бөлу болып табылады.
Бірақ топырақтың механикалық құрамы бойынша оның физикалық қасиеттері жайында жуықтап қана айтуға болады. Топырақтың механикалық элементтерінің (фракцияларының) құрылымы оның қасиеттерінің жиынтығын бермейді. Мысалы, тұнба нашар су өткізгіштігімен жəне судың капиллярмен жылжуының на- шар байқалатындығымен ерекшеленеді. Кальциймен жəне темірмен қаныққан соң тұнба топырақ құрылымының маңызды факторына ай- налады. Яғни топырақтың ең қолайлы физикалық қасиеттерін құруға себепші болады. Табиғатта топырақтың механикалық құрамының алуан түрлілігі байқалады, Механикалық құрамы ұқсас немесе бірдей топырақтар физикалық қасиеттері жағынан бір-бірінен едəуір алшақтануы мүмкін. Топырақтың қасиеттеріндегі үлкен алшақтық микроагрегаттық құрамының əртүрлілігімен түсіндіріледі. Микро- агрегаттарды микроагрегаттық анализ арқылы фракцияларға бөледі. Топырақтың микроагрегаттарды құру қабілеті тұнбаның мөлшеріне байланысты болады. Микроагрегаттық анализ кезінде алынған тұнба мөлшеріне қатынасы дисперстік коэффициент деп аталады (Н. А. Качинский бойынша). Осы қатынас үлкен болған сайын топырақтың агрегаттар құру қабілеті азайып, топырақтың микроқұрылымы беріктігін төмендетеді. Қара топырақтың дисперстік коэффициенті 10%-дан аспайды, ал сортаң топырақтарда
осы көрсеткіш 60-80%-дан асуы мүмкін.
Топырақтың микроагрегаттық құрамы – динамикалық шама, осыған орай оның негізгі физикалық қасиеттері де өзгермелі, үнемі қозғалыста болады.
Оның толығырақ атын басым жəне серіктес фракцияның (саз тұнба, орташа жəне майда шаң, ірі шаң жəне құм) ана- лиз нəтижелеріне сүйене отырып анықтайды. Басым фракция механикалық құрам атауының соңына жазылып, оның жетекшілік маңызын көрсетеді. Мысалы, орташа саздақты, шаңды-тұнбалы топырақ жəне т.т.
Уақыт өте келе топырақтың механикалық құрамы ауырла-
ну жағына қарай өзгереді, ал элювиальдық қабатта (А2) ол са- лыстырмалы түрде алғанда жеңілдейді. Бұған осы қабаттан жұқа дисперсті бөліктің төменге қарай шайылуы себеп бола- ды. Механикалық құрамға топырақтың сулық, физикалық жəне физикалық-механикалық қасиеттері бағынышты болады. Мысалы құмды жəне құмдақ топырақтар əдетте, құрылымсыз келеді, бірақ бұл топырақтарда қолайлы ауа жəне жылу тəртібі бар. Су өткізгіші жақсы, бірақ ылғал сыйымдылығы нашар келеді. Топырақ өңдеуші құралдарға аз кедергі жасайды. Сонымен қатар, бұл топырақтар өсімдіктерге қажетті қарашірікке, азотқа, күлдік қоректік эле- менттерге кедей, сондықтан басқа топырақтарға қарағанда, тез құнарсызданып, тыңайтқыштар енгізуді қажет етеді.
Саз топырақтар керісінше, күлдік қоректік элементтерге бай- лығымен, ылғал сыйымдылығының жоғарылығымен, су өткізгішінің, су қайнатуының ауа алмасуының нашарлығымен жəне қолайсыз жылулық қасиеттерімен ерекшеленеді. Бұл топырақтар топырақ өңдеуші құралдарға үлкен кедергі жасайды. Бұл топырақтарда суды жəне ауаны нашар өткізетін қабық жиі пайда болып тұрады.
Жеңіл жəне орташа саздақты топырақтар қасиеттері жəне құрамы бойынша жоғарыда аталған топырақтардың ортасынан орын алады. Бұл топырақтар – ең жақсы топырақтар болып табылады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет