Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтың спецификалық жəне спецификалық емес органикалық заттары



бет77/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтың спецификалық жəне спецификалық емес органикалық заттары


Топырақтың құрамына əртүрлі қосылыстар – оңай жəне қиын еритін тұздар, комплексті қосылыстар, силикаттар жəне алюмоси- ликаттар, спецификалық жəне спецификалық емес органикалық қосылыстар кіреді. Топырақта элементтердің бір бөлігі ион- дар түрінде кездеседі, олар топырақтағы сорғыш комплексті бөлшектердің беттерінде жабысып тұрады. Топырақтың химиялық құрамының күрделілігіне байланысты оны сипаттау үшін өте көп көрсеткіштер қолданылады. Ол көрсеткіштер топырақтың химиялық


құрамын анықтау көрсеткіштерінің жалпы жүйесіне кіріп, топырақ құрамының, топырақ компонентерінің көрсеткіштері деген топтарға біріктірілген.
Топырақтың химиялық құрамы мен топырақ компоненттерінің жүйеленген жиынтығы 13-кестеде келтірілген. Онда топырақтың химиялық құрамының көрсеткіштері 3 топқа бөлінген:

  1. элементтік құрамының көрсеткіштері;

  2. заттың құрамының көрсеткіштері;

  3. топырақтағы химиялық элементтердің топтық жəне фракциялық құрамының көрсеткіштері.

Элементтік құрамының көрсеткіштері топырақ массасындағы химиялық элементтердің жалпы көлемін немесе одан бөлінген гранулометриялық фракциялардың жаңа туындыларды сипаттайды. Заттық құрамының көрсеткіштерінің деңгейі топырақтағы жекелен- ген химиялық қосылыстардың мөлшері туралы ақпарат береді, ал топтық жəне фракциялық құрамының көрсеткіштерінің деңгейлері олардың қасиеті бойынша жақындығын, мысалы, ерігіштігі, химиялық элементтің қосылыстары, т.б. бойынша сипаттайды.
Көрсеткіштердің жүйелену принциптері бөлінген 3 топтың əр- қайсысында бірдей емес, себебі жүйеден көрсеткіштің жеке бөлініп шығуы топырақ үлгісінің құрамындағы химиялық элементтерінің мөлшерін сипаттауға мүмкіндік береді.
13-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет