Бұл саңырауқұлақтың вегетативті денесі көп ядролы плазмо- дий – протоплазманың жалаңаш бір бөлігі
(11-сурет). Плазмодийдің өзіне тəн қабық- шасы жоқ, амеба сияқты қозғалады. Жыныс- сыз спорасы гаплоидты зооспоралар. Олар қосылып жынысты амебоид түзеді. Бұл са- ңырауқұлақтар негізінен сапротрофтар, бірақ
фитопатогенді түрлері де бар.
11-сурет. Плазмодий
Плазмодиофора класы (PLASMODIOPHOROMYCETES)
Бұл класс саңырауқұлақтары облигатты паразиттер, өсімдік клеткасы ішінде дамиды. Плазмодийдан клетка ішінде споралар түзіледі. Ауылшаруашылық дақылдар үшін ең зиянды екі түрі бар (1-кесте): Plasmodiophora brassicae – капуста киласының қоз- дырғышы, Spongospora subterranea – картоптың ұнтақты таз ау- руының қоздырғышы, P.brassicae тамырда көлемі əртүрлі ісіктер (бұлтық) түзеді.
Саңырауқұлақ денесі плазмодий. Одан зооспорангий мен ты- нышталған споралар циста түзіледі. Зооспоралар өсімдік тамыр- шаларына еніп, плазмодий түзеді, бірнеше күннен соң плазмодий көп ядролы бөліктерге бөлініп, əрқайсысы жеке зооспорангийге айналады. Əр зооспорангий 4-8-ге дейін зооспора түзеді. Олар өсімдік саңлаулары арқылы сыртқа шығады. Пішіні мен көлемі бір- дей екі талшықты əр жынысты екі зооспора қосылып (изогамия) дикариоттық зигота түзеді. Ол өсімдікті залалдап, жаңа плазмодий құрады. Алғаш дикариоттық клеткалардың ядролары қосылып, ке-
йін бөлініп, нəтижесінде плазмодий тынышталған спораға (циста)
айналады (12-сурет). Залалданған ұлпалар шірігенде цисталар то- пыраққа түсіп, олардан зооспоралар өніп тамыр талшығына еніп, көп ядролы плазмодий түзі- леді. Осындай жолмен картоптың ұнтақты таз- қотыр ауруының қоздырғышы да дамиды, бірақ картоп түйнегінің бетінде ұнтақты ойық жара