10.4 «Экстра» үлпектері
«Экстра» нөмірлі үлпектерін өндіру технологиясы «БюлерМиаг»
фирмасының жинақ жабдығын қолдануға негізделген.
Дән тазалау бөлімінде сұлы дәнін тазалауды келесі түрде іске асы
-
рады:
магнитті сепаратордан, қосарланған дәндерді бөлу және қылтандарды
кесіп тастайтын саңылаулары 2х2 мм металлды тордан тұратын елек
цилиндрі бар DNRB6012 қылтансындырғыштан бір қайтара өткізу;
дәннен 4,5х25 мм саңылаулы жоғарғы електің кетімімен алынған
ірі қоспаларды және 2,2х2,8 мм саңылаулы електің өтімімен алынған
сұлының майда дәнімен қоса майда қоспаларды бөлетін MVSF аспи
-
рационды каналы бар MTRA 100/200G сепараторы арқылы бір қайтара
өткізу; аспирационды каналда суыру арқылы сұлыдан жеңіл қоспаларды
бөледі;
саңылау өлшемдері 2,02,1х19 мм цилиндрлік електік барабанның
кетімімен алынған сұлының майда дәнін алатын, ал өтімімен – май
-
да қоспалардың құрамына байланысты І, ІІ немесе ІІІ категориялы
қалдықтарға жіберілетін осы қоспаларды алатын DSTZ1Е барабанды
сұрыптау құрылғысы арқылы саңылаулары 2,2х28 мм електің өтімін бір
қайтара өткізу;
барабанды сұрыптау құрылғысында алынған дәндермен қоса се
-
параторда алынған негізгі дәндерді MTSB100 тас бөлгіш арқылы бір
қайтара өткізу;
қысқа қоспалар, майда және ұсақталған дәндерден сұлыны тазарта
-
тын UN2017 цилиндрлік триерқарамықша бөлгіш арқылы сұлы дәнін
бір қайтара өткізу.
236
Тазаланған дәнді MOZA 2125 қарқынды ылғалдау аппаратында
қажеттілігіне қарай ылғалдайды, сосын бөктіреді.
Тазаланған сұлы дәнін қауызсыздаудан бұрын UN2017 цилиндрлік
триер (қарамықша бөлгіште) және 2,5х19 мм цилиндрлік електік ба
-
рабан саңылауы бар DSTZ1D барабанды екі цилиндрлік сұрыптау
құрылғысында іріліктің екі фракциясына бөлу жүргізіледі.
Сұлыны қауызсыздауды DMHB5117 ортадан тепкіш қауызсыз
дағыштарында бөлек фракция ірілігі бойынша жүргізіледі. Ротордың
айналу жиілігі 900ден 2150 айн/мин; шағылдырғыштық сақинасының
айналу жиілігі 5 айн/мин құрайды.
Қауызсыздау өнімдерін бөлу мақсатында қауызсыздау өнімдерін
қауыздан ішінара ажырататын DSTA0580 цилиндрлік бураттарда бөлек
әр фракцияны суырады.
Қауыздан ажыратылған өнімдерді сұлы ядросынан қылдар мен
мамықтарды алып тастайтын 1,0х16 мм електік цилиндрлі штампталған
саңылауы бар DNRB6012 қылтансындырғышқа жіберіледі.
DSTA0920 цилиндрлік буратында қауызсыздау өнімдерін екі қайтара
өткізу кезінде қауызсыздау өнімдерінде қалған қауыз, ұнтақ, мамық,
қылдардан соңғы тазарту жүргізіледі.
Қауызсыздалған және қауызсыздалмаған дәндерді бөлуді әр фрак
-
ция бойынша бөлек DNTB72 және DNTB48 паддимашиналарында
жүргізіледі. Бөлініп алынған қауызсыздалмаған дәнді қайта
қауызсыздайды. Паддимашинадан шыққан ядроны арпа, бидай, қара
бидай сияқты мәдениетті өсімдіктердің қалған дәндерін ядродан бөлетін
DSTZ2DP барабанды сұрыптау құрылғысына бір ағынмен жіберіледі.
Сұлы ядросын DSDA1016D буландырғышында гидротермиялық
өңдеу жүргізеді және DNCA 1403K1500 кептіргішінде кептіреді. Бу
-
лау мен кептіруді 0,7 МПадан төмен емес бу қысымында жүргізеді.
Буландырғышқа беретін буды ылғалдан бөлу үшін буландырғыш алдына
конденсат жиынтығын орнатады. Буландырғыштағы дәннің жылыту тем
-
пературасы 100
0
Сдан төмен болмау керек, ал кептіргіште – 100115
0
С.
Булау үдерісіндегі ядро ылғалдылығының жоғарылауы 34%ды, ал
кептіру үдерісіндегі ылғалдылықтың төмендеуі 56%ды құрау керек.
Кептіргіштен шығатын ядроның ылғалдылығы 11,5%дан кем болмау
керек.
Буланған және кептірілген ядроны DSRD ажарлау машинасын
-
да ажарлайды және ажарлау кезінде алынған жарманы қауыз, ұнтақ,
мамық бөлшектерінен тазарту үшін DSTA0580 цилиндрлік буратын
-
да суырады.
237
Сұлы жармасынан жарылған түйіршіктерді бөлу үшін цилиндрлік
триер (қарамықша бөлгіш) арқылы өткізеді және дайын өнім ретінде
бункерге жібереді.
«Экстра» үлпектерін өңдеуде жарманы кесу үшін LYGT барабанды
жарма кескішке жіберіледі.
Жарма кескіштен кейінгі кесілмеген түйіршіктерді қайта кесуге
жіберіледі, ал кесілгендерін ірілігі бойынша бөлу үшін MPAQ207Н
елеуішіне жіберіледі.
2,5х25 мм саңылаулы елеуішінің жоғары металлтоқылған елегінің
кетімі кесілмеген түйіршіктерден тұрады, оларды DSTA0400 тік бу
-
ратында суырғаннан кейін және кесілген жармадан майда бөлшектерді
бөлу үшін UN20115 триерден (қара сұлы бөлгіш) өткізгеннен кейін
қайталап кесу үшін барабанды жарма кескішке жіберіледі.
Ұнтақ пен майда жарманы – 0,80,8 мм саңылаулы елеуішінің төменгі
металлтоқылған елегінің өтімін іріктеп алып ұн тартуға жібереді.
Қажет өлшемді кесілген түйіршіктер түрінде 0,8х0,8 мм саңылаулы
елеуіштің орташа металлтоқылған елегінің кетімімен алынған орташа
үлпектерді DSTA0400 тік буратында суырғаннан кейін жаншу алдын
-
да булауға жіберіледі.
Кесілген жарманы булауды DSDC буландырғышында екі ағынмен
жүргізеді. Буландырғышқа берілетін будың қысымы 0,7 МПадан кем
болмау керек. Ылғалдан буды бөлу үшін буландырғыш алдына конден
-
сат жиынтығын орнатады. Буландырғыштағы жарманың қызу темпера
-
турасы 100
0
Сдан төмен болмау керек. Буландыру үдерісіндегі жарма
ылғалдылығының жоғарылауы 3%дан кем болмау керек. Жаншудың ал
-
дында жарма ылғалдылығы 18%, температура 80100
0
С болу керек.
DSAA0800 қоректендіргішпен буланған жарманы екі білікті прес
-
стерден тұратын DNQB5008 жаншу станогына жібереді.
Алынған үлпектерді 80100
0
С кептіру агентінің температурасында жалған
қайнау қабатында OTW150С кептіру агрегатына жіберіледі.
Үлпектерді кептіру үшін ыстық ауаның орнына үлпектердің кеуіп
кетуінің алдын алу мақсатында салқын ауаны қолдануға рұқсат етіледі.
Кептіруден кейінгі үлпектердің ылғалдылығы 12%дан артық болмау
керек.
Үлпек массасынан Ø1,2 мм саңылаулы төменгі електің өтімімен
алынған ұнтақты және Ø12 мм саңылаулы жоғарғы електің кетімімен
алынған жабысқан үлпек кесектерін бөлу үшін, кептірілген үлпектерді
бақылау елеуін үлпектерге арналған елеуішінде жүргізеді.
238
Өңдіру мөлшеріне қарай дайын үлпектерді әрқайсының сыйымдылығы
2 т жылжымалы қораптарға жібереді. Үлпектердің қораптарды болу
уақыты 2 сағаттан кем емес және 12 сағаттан артық емес. Қораптарда
үлпектер салқындайды және ылғалдылығы біркелкілікке келеді.
Үлпектер қораптардан PИE4, SР31 буып түюқаптау қондырғысына
түседі. Сұлы үлпектерін 1 кг массалы картон будасына буып түйеді.
Үлпектері бар будалар топтық қаптау машинасына келіп түседі.
Ұн өндіру үшін GGM680 ұсақтағышында үлпектерді, ұсақталған
жарманы, ұнтақты ұнтақтайды, сосын ұнды MKVA 5610M виброцен
-
трифугалында центрифугалайды және буып түю қондырғысында буып
түйіледі.
239
Достарыңызбен бөлісу: |