263
шіктер болады. Егер мұндай түйіршіктер өте көп болса, матрицаның
тесіктері солармен толып қалады және машина тоқтайды.
Экструзия жолымен жүгері түтікшелерін алу кезінде жоғары темпе
-
ратура мен қысымда, «зеңбірек» термиялық аппараттарында жарылған
дәндер өндіруде байқалғандай, алынған өнімнің химиялық және
физикалық қасиеттері өзгеруі байқалады.
А1КХП машинасында жұмыс істеу кезінде машинаны іске қосқанда
ерекше мұқият қарау керек. Жұмысты бастар алдында жарты сағат бұрын
машинаның электрлі қыздырғышын қосады және цилиндрдегі темпера
-
тураны 170190
0
Сқа дейін жеткізеді. Содан соң машинаны қосады және
ақырындап 2325%ға дейін ылғалдандырылған (машинаны қосу кезінде
берілген ылғалдылықтағы жарманың әдеттегі шығыны 34 кг) жарма
-
ны бере бастайды.
Өнім матрица саңылауынан, машинаға жарманы беруді бастағаннан
1,52 минут өткенде шыға бастайды. Басқаша болған жағдайда машина
-
ны тез арада тоқтату және өнім шығуының тоқтауының себебін анықтау
қажет. Жарманы одан кейін де машинаға беруді іске асыру ұсынылмайды,
себебі бұл цилиндрде қысымның нормадан артық көтерілуіне және
матрицаның майысуына алып келуі мүмкін.
Матрица саңылау арқылы өнім шыға бастауыменақ, машинаға
ылғалдығы 1213% жарманы бере бастауға болады. Жарманы беруді
тоқтатуға болмайды. Белгілі уақыттан кейін матрицадан қалыпты
ылғалдылықтағы өнім шыға бастайды, содан кейін пышақты қосуға
және бекітілген режимде жұмысты жалғастыруға болады.
Машинаны іске қосу кезінде алынған ылғалды деформацияланған
түтікшелер ақаулы болып табылады және қалдыққа кетеді.
Машинаны жұмысқа қосу – жауапты және өте жұмысы көп опера
-
ция, сондықтан машинаны тек ұзақ уақыт үзіліс болғанда ғана тоқтату
ұсынылады, ал бір ауысымнан екінші ауысымға өту кезінде жүрісте
беріледі. Цилиндрге жарманы бірқалыпты беруге де мұқият байқау және
машинаға аса көп жүктеме салуға жол бермеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: