81-сурет
. ЛУР1 лабораториялық қондырғының
технологиялық сызбанұсқасы
1 – салатын шанақша; 2 – қауызсыздау біліктері;
3, 4 – желдеткіштер; 5 – ажарлау барабаны
Ажарланған ядро немесе жармаға анализ жүргізеді. Бұл үшін мас
-
сасы 5 гнан екі өлшенді алып және оларда сарғайған ядро мөлшерін
анықтайды. Сосын өңдеуде алынған қауыз бен ұнтақ массасын есепке
алып сарғайған дәндердің мөлшерін пайызбен есептейді.
УШР қондырғысы (82сурет) ЛЗМ лабораториялық диірмен негізінде
жасалған. Жұмыс тетігі болып қозғалмайтын дека және қайыс теріден
жасалған тез айналатын шыбыртқы болып табылады. Дека беті
зімпара қағазбен қапталған. Қауызсыздалғаннан кейін күріш ядросын
қондырғының жұмыс зонасына орналастырып ажарлайды. Сосын Ø 1,5
мм саңылаулы електен өлшендіні өткізеді; кетімді өлшейді және одан
бүтін және ұсақталған сарғайған ядроларды бөледі. Есепті келесі фор
-
муламен жүргізеді:
276
мұндағы:
m
1
– эндоспермі сарғайған ядролар (бүтін және майдаланған)
массасы, г;
m
– Ø1,5 мм саңылаулы електегі қалдықтағы күріштің ажар
ланған ядро массасы, г.
82-сурет
. Күріш ядросын ажарлауға арналған УШР қондырғысы
1 – төменгі жапсырма; 2 – қозғалмайтын дека; 3 – айналатын шыбыртқы;
4 – ағаш қондырма; 5 – жоғарғы жапсырма; 6 – қақпақ
Шынылықты
күріштің қауызсыздалған дәнінде анықтайды (МЕМСТ
1098776).
Егер шынылықты анықтаудың алдында қызыл және сарғайған
дәндерді бөлген болса онда оларды өлшендіге қайтадан қайтарады.
Өлшендіден 100 дән санап алып шыны тәрізді, жартылай шыны тәрізді
және ұнды дәндерді анықтау үшін оларды кеседі немесе диафаноскоп
-
та қарайды. Жалпы шынылықты шыны тәрізді және жартылай шыны
тәрізді дәндерінің жартысының қосындысымен пайызбен білдіреді.
Күріш шынылығын сондайақ диафаноскопта анықтауға болады.
Егер дән шынылығы 70%дан кем болмаса, онда күріш дәнін шыны
тәріздіге жатқызады.
Сызаттану
– күріштің таза дәндерінің сынамасына пайызбен
келтірілген, ядролары сынған және жарылған күріш дәндерінің мөлшері.
Сызаттануды анықтау үшін 100 дәннен екі үлгіні санайды, пинцетпен
олардың қауызын алады, сосын ядроларды диафаноскопта қарап сынған
және жарылған ядролары бар ядролар мөлшерін анықтайды.
Сызаттануды анықтаудың қондырғысы болып ДМ3 құралы табыла
-
ды (83сурет). Осы құралда сызаттануды анықтау үшін 50 дәннен төрт
үлгі алынады. Дәндері бар кассетаны құралға салып әр дәнді саңылаулы
диафрагма мен жарық шоғының көмегімен қарайды. Құрал есептегішпен
қамтылған.
277
Достарыңызбен бөлісу: |