12.7 Жарманы сақтауды бақылау және жіберу
Жармасы бар қаптарды өңдеу күні, ауысымы, сұрпы және түрі бо
йынша массасы 63 тға дейін қатарларға орналастырады. Жарма темір
жол көлігімен келіп түскенде оларды вагон бойынша орналастырады.
Қатарларды ағаш сөрелерге жинайды. Ленталы конвейер қолданғанда ені
1,25 м және артутүсіру жұмыстарды орындау үшін электротиегіштерді
қолдануда 3,8 мге дейін қатар арасындағы өткелдер қалдырады. Ауа
айналымы үшін қабырғадан ені 0,7 м өткел қалдырады. Қаптарды жи
-
нау биіктігі жарма түрі, ылғалдылығы мен ауа температурасына байла
-
нысты.
Ұнтақ жарма, бидай, қарақұмық, күріш, арпа мен аршылған бұршақты
биіктігі 94кестеде келтірілген қатарларға жинайды. Күріш ылғалдылығы
17%ға дейін болғанда қаптарды биіктігі сегіз қатардан аспайтындай
жинайды. Егер қаптар массасы 50 кг болса, онда қатар биіктігін екі
қатарға көтеруге рұқсат. Тары, жүгері, және сұлы жармаларын 95кестеде
311
келтірілген нормалар бойынша жинайды. Егер жүгері жармасының
ылғалдылығы 15,5%ға дейін болса, онда қатар биіктігін алты қатарға
дейін төмендетеді.
94-кесте
Ұнтақ жарма, бидай, қарақұмық, күріш, арпа және асбұршақ
жармалары үшін қатар биіктігі
Қоймадағы ауа
температурасы, °С
Жарма ылғалдылығы
14%ға дейін
14тен жоғары 15,5%ға
дейін
10нан жоғары
10
8
10нан 0ге дейін
12
10
0ден төмен
14
14
95-кесте
Ақталған тары, жүгері және сұлы жармалары үшін қатар биіктігі
Қоймадағы ауа
температурасы, °С
Жарма ылғалдығы
13%ға дейін
13тен жоғары
14%ға дейін
10нан жоғары
8
6
10нан төмен
10
8
Жарманы сақтау кезінде лаборатория қоймадағы ауаның температу
-
расы мен салыстырмалы ылғалдылығын, жарманың температурасын,
ылғалдылығын, астық қорларының зиянкестерімен залалдануын, иісі
мен дәмін бақылайды.
Ауа температурасын 7 күнде бір рет, ал жүйелік желдетуде күн са
йын тексереді. Қосымша айына бір рет қатар қаптарының төменгі,
орташа және жоғары қатарларындағы ауа температурасын тексереді.
Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын еденнен 1,5
м биіктікте тексереді. Температураны бақылау үшін термографтар не
-
месе термометрлер, ал салыстырмалы ылғалдылықты бақылау үшін ги
-
грографтар, гигрометрлер немесе психрометрлер қолданады.
Жарма температурасын қатардың әртүрлі биіктігіндегі сыртқы
қаптарда және қатардың ішкі бөліктеріндегі қаптарда термометрмен
анықтайды. Жарма температурасын олардың қоймаға түскен кезде
312
өлшейді, сосын 15 күнде бір рет ауа температурасы 10°Сдан жоғары
болғанда және айына бір рет ауа температурасы 10°Сдан төмен болғанда
өлшейді. Егер жарма ылғалдылығы 1415% және ауа температура
-
сы 10°Сдан жоғары болғанда, жарма температурасын әр 5 күн сайын
бақылайды.
Астық қорларының зиянкестермен залалдануы, дәмі мен иісін темпе
-
ратура 10°Сдан төмен болғанда айына бір рет және температура 10°С
дан жоғары болғанда 15 күнде бір рет бақылайды. Ылғалдылығын айы
на бір рет тексереді.
Жарманы сақтаудың бақылау нәтижелерін журналдар мен қатар
жарлықтарына жазып қояды.
Жарма сапасын бақылау нәтижелері негізінде ӨТЛ бастығы ұнды
сақтауға арналған ісшаралар жоспарына тән оның сақтауды қамтамасыз
ететін ісшаралар жоспарын құрады. Ерекшелігі салқындату үшін ірі
ядролы жарманы таза брезентке себуге, дән тазалау машиналар арқылы
өткізуге және дән кептіргіштерде кептіруге болады.
313
Достарыңызбен бөлісу: |