5.1 Тарыдан жарма өндіру технологиясы
Тары қауызының түсі бойынша ақ, ақ сары түсті, қызыл сары, сұр
түсті болады. Ақ және ақ сары түсті тарының формасы шар тәрізді,
олардың гүлді қауызы қалың болмайды. Ірі дәннің ядросының массасы
көп болуына байланысты жарма шығымы жоғары болады.
Тарыны қауыздап албажұлба жарма (пшеноядролық) өндіріп, оны
ажарлағыш машиналарда өңдеп, ажарланған тары жармасын алады.
Тарының қауызы 16…20%, ядросы 6875%, ұрықтық және тұқымдық
қабықтары 7…8%, ұрығы 3…4%. Тары мен жарманың химиялық құрамы
14кестеде келтірілген.
14-кесте
Тары мен жарманың химиялық құрамы
Объект
Ақуыз
Крахмал Клетчатка Майлар
Күлділігі
Тары
1012
5565
811
2,545
3,04,5
Тары
жармасы:
дранец
1113
6575
12
34
1,52,5
ажарланған
1214
7080
0,50,8
12
1,01,5
122
Тары объектілерінің химиялық құрамының өзгеруі гүлді қауызын
қауыздауда және ажарлауда қабықтарының, аздап алейронды қабаттың
және ұрығының алынуына байланысты.
Тары зауытына түсетін астықтың сапасына қойылатын талаптар:
ылғалы 13,5%ға дейін, шөпшалам – 3,0% (көп емес), басқа астық –
6,0% (көп емес), ядро мөлшері 74% (кем емес). Тазалаудан кейін шөп
шалам мөлшері 0,3% (көп емес).
Егер саңылауы 1,6х20 мм електен елегенде өтпей қалғаны 80% бол
-
са, онда ірі, егер 80%дан 40%ға дейін болса – орташа, ал 40%дан азы
майда тарыға жатады.
Ажарланған тары жармасының 4 сұрыпы тағайындалған: жоғары,
1і, 2і және 3і. Базисты тарыны өңдегенде жалпы жарма шығымы
65%, жемді өнім (жарылғаны) – 4%, ұнтақ – 7,5%, қауыз – 15,5%; ажар
-
лау үшін ЗШН немесе У1БПШ машиналарын қолданғанда бүтін ядро
шығымы 60%ға дейін төмендейді, жарылған ядро шығымы – 5,0%ға
дейін, ал ұнтақ 11,5%ға дейін өседі.
Тары жармасы сұрыптарына қойылатын негізгі талаптар 15кестеде
көрсетілген.
15-кесте
Ажарланған тары жармасының сапа нормасы
Көрсеткіштері
Сұрыптары
жоғары 1і
2і
3і
Ядро мөлшері, % кем емес
99,2
98,7
98,0
97,0
Оның құрамында шағылған ядро,
% көп емес
0,5
1,0
1,5
3,0
Қауыздалмаған дән, % көп емес
0,3
0,4
0,6
1,0
Бұзылған ядро, % көп емес
0,2
0,5
0,8
1,3
Қоспалар, % көп емес
0,3
0,4
0,6
0,7
Тары зауыттарының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасы
43суретте көрсетілген.
Астықты қоспалардан тазарту үшін үш рет желді елек сепаратордан
өтеді; ауыр заттар тас бөлгіште бөлінеді. Соңында астық қоспалардан
рассевте тазаланып, екі фракцияға бөлінеді: ф 3,0 мм електен өтіп
123
1,7х20 мм електен өтпегендері ірі фракцияны құрайды, ал одан өтіп
1,5х20 мм алынған сырғымалар майда фракция болады. Осы фракция
-
лар қауыздауға жеке түседі.
Гидротермиялық өңдеу қолданбайды, себебі массада қауыздалған дән
едәуір болады, оларды өңдеуде ақауы бар тарының қаттылығы артып
жармаға түседі, ал ол даяр өнімнің сапасын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |