Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


кит» деген атауға ие болды: 1. Шерман заңы



Pdf көрінісі
бет104/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

кит»
деген атауға ие болды:
1. Шерман заңы
(1890 ж.). Бұл заңмен сауданы құпия моно-
полизациялауға тыйым салынады, кез келген салаға және бағалар 
туралы келісімдерге бақылау орнатылады.
2. Клейтон заңы
(1914 ж.). Бұл заң бағалық дискриминацияға 
(кейбір жағдайларда қалыптасқан бәсекенің қалыптасқан ерекше-
лігіне қарай), өткізу саласында іскерлік белсенділіктің шектелуіне, 
бірігудің белгілі бір түрлеріне, басшылардың өзара байласуына тыйым 
салады.
3. Робинсон-Пэтмэн заңы
(1936 ж.). Бұл заң сауда саласында 
іскерлік белсенділіктің шектелуіне, соның ішінде, бағалық 
дискриминацияға тыйым салады. 
1950 жылы Клейтон заңына 
Селлер-Кефовер түзетуі
қабылданды: 
заңсыз бірігудің түсінігі нақтыланды. Яғни активтерді сатып алу 
жолымен бірігуге тыйым салынды. Егер Клейтон заңы ірі фирмалар-
дың көлденең бірігуіне тосқауыл қойса, онда Селлер-Кефовер түзетуі 
тігінен бірігуді (мысалы, өндіріс – өнімді өткізу) шектеді.
Еуропалық мемлекеттердің көбінде ұзақ уақыт бойы анти-
монополиялық заңдылықтар мүлдем болмады. Қабылданған бірқатар 
заңдар тәжірибеде өте сирек қолданылып, жеке немесе ұжымдық 
нарықтық билікті асыра пайдаланушыларға ғана бағытталды. 
Еуропалық мемлекеттердің үкіметтері оларда өндірістердің шоғыр-
лану деңгейі АҚШ-қа қарағанда төмен деп болжады. Сондықтан 
Еуропада шоғырлану үдерісіне және картельдердің қалыптасуына 
жол берілді.
Антимонополиялық саясат нарықтық айырбасқа қатысушылардың 
арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталады. Мұндай реттеудің 


119
екі бағыты орын алады: 1) іскерлік тәртіптің белгілі бір әділетсіз 
түрлерін шектеу немесе тыйым салу; 2) бәсекелестік нарықтық 
құрылымды қалыптастыру.
Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан 
реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше 
тәсілдері бар, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет