38. Таза ұлттық өнім дегеніміз:
A) ЖҰӨ – амортизация B) ЖҰӨ – жанама салықтар
C) ЖҰӨ – трансферттер
D
) ЖҰӨ + амортизация
E) ЖҰӨ – субсидиялар
39. Егер Қазақстан азаматы Ресейде орналасқан қазақстандық
компанияда жұмыс істесе, онда оның табысы:
A) Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады
B) Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады
C) Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады
D) Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады
E) Қазақстаннан тыс жерде алынған табыс болғандықтан
ескерілмейді
40. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?
A) медбикенің табысы (жалақысы)
B) ескі жиһазды сатудан түскен табыс
C) 1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу
D) жақын туысыңа ақша аудару
E) Туған күн иесіне сыйлық жасау
211
11 - т а қ ы р ы п
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҮЛГІЛЕРІ
Мақсаты:
жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-
теңдігін түсіндіру, макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық
және кейнстік үлгілеріне тоқталу, сонымен қатар макроэкономикалық
деңгейдегі тұтыну, жинақтау, инвестиция ұғымдарына және
мультипликатор теориясына талдау жасау.
Талқылау сұрақтары:
11.1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс;
11.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның үлгілері;
11.3. Тұтыну және жинақтау функциясы. Инвестициялар;
11.4. Мультипликатор теориясы.
Негізгі ұғымдар: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық
шығындар, макроэкономикалық тепе-теңдік, тұтыну шығындары,
инвестиция-лық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт,
мультипликатор, т.б.
11.1. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
Ұлттық экономика деңгейінде қандай да бір елдің территориясында
өндірілген жалпы ішкі өнімді бір жылдың ішінде сатып алатын және
оны сататын іріленген экономикалық субъектілер жұмыс істейді.
Осындай іріленген экономикалық субъектілерге үй шаруашылығы,
фирмалар, мемлекет және сыртқы орта жатады. Олар жалпы ішкі
өнімге қатысты жиынтық шығындарды және жиынтық табыстарды
қамтамасыз етіп отырады. Бір жағынан, ол жиынтық сұраныс, ал
екінші жағынан, ол жиынтық ұсыныс ретінде көрінеді. Енді осы
ұғымдарға толығырақ тоқталамыз.
Жиынтық сұраныс
– экономикалық субъектілердің бір жыл
ішінде өндірілген жалпы ішкі өнімді сатып алуға жұмсайтын жиын тық
шығындары. Жиынтық шығындардың көлемі елдегі баға деңгейіне
тәуелді болып табылады және жиынтық сұраныс қисығы бағаның
белгілі бір деңгейінде сатып алынатын жиынтық өнімнің көлемін
көрсетеді. Баға деңгейі мен жиынтық өнім көлемі арасындағы кері
тәуелділікті төмендегі суреттен байқауға болады.
212
11.1-сурет.
Жиынтық сұраныс қисығы
Жиынтық сұраныс көлемін негізінен төрт экономикалық субъект
қамтамасыз етеді және осыған сәйкес, жиынтық сұраныстың
құрауыштары пайда болады:
Достарыңызбен бөлісу: |