253
себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй
шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген,
бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар кірмейді.
Жұмыссыздар екіге бөлінеді: толық және толық емес. Соңғысына
толық емес жұмыс күніне немесе қандай да бір экономикалық
себептерге байланысты толық емес
жұмыс аптасына қамтылған
азаматтар кіреді. Бұл жерде әртүрлі себептерге байланысты толық
емес жұмыс күнін ерікті түрде қалайтын жұмыскерлер (мәселен, көп
балалы аналар, бос уақыттың көп болуын тілейтін адамдар) жұмыспен
қамтылғандардың қатарына жатады.
Статистикалық органдар екі маңызды көрсеткішті есептейді:
жұмыс күшінің харекетшіл халықтағы үлесі
және жұмыссыздық
деңгейі.
Харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу деңгейі =
Жұмыс күші / Харекетшіл халық × 100%.
Тәжірибе жүзінде, харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу
деңгейі 57-66% аралығында болады.
Жұмыссыздық деңгейі екі әдіспен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: