Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет50/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

жекешелендіру бағыттары
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл-
әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік 
қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс 
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды. 
Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен 
жекешелендіру үдерісінің басталуы – мемлекеттік меншіктің үлесін 
азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталады.
Мемлекет иелігінен алу
– бұл мемлекеттік кәсіпорындарды 
тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу 
және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.
Жекешелендіру
– бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен 
мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік 
кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған 
акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды 
элементі болып табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар 
артықшылықтары бар:
1. Микроэкономикалық артықшылықтары:
- капиталды инвестициялау;
- өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;
- жаңа басшылық;
- жаңа технологиялар.
2. Макроэкономикалық артықшылықтары:


57
- бәсекелестіктің күшеюі;
- қаржылық тұрақтылық;
- капитал нарығының дамуы;
- әлеуметтік бағдарламалар;
- тікелей шетел инвестицияларын тарту.
3. Шетелдік инвесторлар үшін пайдалы болуы:
- жаңа нарықтар;
- тәуекелдің төмендеуі;
- нарыққа кірудегі ең төменгі тосқауылдардың болуы;
- тұтынушылар үшін пайдалылығы.
Жекешелендірудің түрлері:
1. Кіші жекешелендіру
– жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі 
мемлекеттік меншіктің шағын объектілерін жекешелендіру.
2. Жаппай жекешелендіру
– жұмысшылар саны 200 адамнан 
асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру. Басқаша, бұл купондық 
жекешелендіру деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет