Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі



Pdf көрінісі
бет81/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

5.5. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Экономикалық субъектілердің бағаның және табыстың өзгеруіне 
деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік теориясы маңызды 
рөл атқарады.
Икемділік
– бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші 
бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. 
Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті 
қолданылады. 
Икемділік коэффициенті
бір айнымалының 1 пайызға 
өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты 
қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш болып 
табылады. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп 
отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Сұраныс 
икемділігінің үш түрі болады:
1.
Cұраныстың баға бойынша икемділігі
– тауар бағасының 
бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру 
реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік 
коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік 
шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып 
табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» 
бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін 
емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып 
табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал 
«Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі 
тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанд 
бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада 
мынадай формуламен беріледі:
E
D
P
 =
D
Q% / 
D
Р%,
мұндағы, E
D
P
– сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін 
коэффициент; 
D
Q% – сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі
D
Р% – бағаның салыстырмалы өзгеруі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет